Алғы шеп — майдандағы алдыңғы бөлімшелер жаумен бетпе-бет орналасқан, соғыс қимылдары жүріп жатқан сызықпен шектес аудан. Жауға жақын тұрған 1-эшалон мотоатқыштары окоптарын, танкілердің, жаяу әскердің, соғыс машиналарының, бронетранспортерлердің бекініс орындарын және т.б. ұрыс алаңына тақау бөлімшелерді қамтиды. Қорғаныс жағдайында әскердің жауға жақын қазба жолдары (траншеялары) Алғы шеп болып табылады.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:Әскери терминалогия