thumb|right|Электрлік ток магнит өрісін тудырады. Ампер заңы – бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасқан өткізгіштердің шағыш кесіндісі бойымен өтетін екі токтың өзара механикалық әсерлесу заңы. 1820-шы жылы француз физигі А.М. Ампер (1775–1836) ашқан. Ампер заңынан параллель екі өткізгіш бойымен ток бір бағытта жүрсе, олардың бір-біріне тартылатындығы, қарама-қарсы бағытта жүрсе, бір-бірінен тебілетіндігі шығады. Ампер заңы бойынша тогы бар өткізгіштің шағын кесіндісіне (Δl) магнит өрісі тарапынан әсер етуші механикалық күштің (F) шамасы мына өрнек арқылы табылады: F=kIΔlBsinα, мұндағы α – Δl мен B (магнит индукциясының векторы) бағытының арасындағы бұрыш, k – пропорционалдық коэффициент (Гаусс жүйесінде k=1/c, Бірліктердің халықаралық жүйесінде k=1), I - өткізгіштегі ток күші.

Түрлендірілген Ампер заңы түрі . Алынған нәтижені көлденең қима арқылы өтетін бөлшектердің жалпы саны арқылы жеңіл өрнектеуге болады , сонда . Ампер күші дегеніміз - магнит өрісінде қозғалып жүрген зарядталған бөлшектерге әрекет ететін жалпы күш. Сонда зарядталған бір бөлшекке әсер ететін күш.Физика Б. Кронгарт, В. Кем, Н. Қойшыбаев (Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық) Алматы "Мектеп" 2006ж.

Дереккөздер

Санат:Физикалық заңдар Санат:Электрлік Санат:Электртехника Санат:Электр механикасы Санат:Күш