Иман негіздері (; Аркан әл-Иман) Ислам діні ақида мен шариғаттан тұрады.«Иман негізінің түсініктемесі», Шейх Мұхаммад ибн Салих әл Усеймин, Алматы: әл-Баракат баспасы, 2010 ISBN 9965-589-22-4 Ал енді Ислам ақидасы және оның негізі — Аллаһ тағалаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақирет күніне, тағдырдың жақсылығы мен жамандығына иман келтіру. Бұл негіздер Құран Кәрім мен хадистерде көрсетілген:

Кіріспе

Жәбірейіл иман жайында сұрағанда пайғамбарымыз :

Иманның отауы – Жүрек. Сонымен бірге, адам жүрегімен иман еткенін тілімен дауыстап айтуы (иқрар) керек. Адам иман етпей, мұсылман болмайды, яғни иман – мұсылмандардың бес парызының алғашқысы әрі негізгісі. Иманның алты шарты бар.

Аллаһ Тағала хақтығына сену

Періштелерге сену

Аллаһ Тағала тарапынан түсірілген кітаптарға сену

Пайғамбарларға сену

Ақыретке, қиямет-қайым күніне сену

Тағдырға қалтқысыз сеніп, иман ету

Бұл алты шарттың біріне күмән келтіргеннің сенімі толық болмайды. Иман – тәсілім етуді қажет етеді. Ақылдың шектеулі өлшемімен шешілмейтін кейбір тылсым, әрі тұңғиық түйінді мәселелерді талқыға салмай, таразыламай тәсілім ету (қалтқысыз сену) керек. Иман – тақлиди иман және тахкики иман болып екіге бөлінеді. Тақлиди иман – қоршаған ортаның әсерімен немесе біреулерден естіп, соларға елітіп мақұлдау. Бұл иманның әлсіз түрі болып саналады. Абай мұндай иманды сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек деген. Тахкики иман – санамен саралап, сезіммен қуаттап, зерттеп іздену нәтижесінде толық көз жеткізу. Мызғымас бекем сенім болып табылатын мұндай иман “яқини иман” деп те аталады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV томИслам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Ешбірің өзіне қалағанын мұсылман бауырына да тілемейінше, толық иман еткен болып саналмайды – деп айтты» – деген. (Бухари, Муслим риуаят еткен)

Дереккөздер

Санат:Иман

bs:Imanski šarti en:Six articles of belief fy:Pylders fan leauwen it:Sei articoli di fede nl:Zuilen van geloof