Цой Моисей АндреевичГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950.412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Қаратал ауданы, Горький атындағы колхоздың звеношысы (1947). 1904 жылы Ресейдің Приморье өлкесі, Сучанск ауданы, Алексеевка селосында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1938 жылы Талдықорған облысына қоныс аударып, Горький колхозына жұмысқа кіреді. 1944-1946 жылдары қызылшашылар бригадасының бригадирі болып істейді. 1945 жылы межеленген 245 центнердің орнына әр гектардан 371 центнерден қант қызылшасын өсіреді. 1947 жылы алдыңғы қатарлы қызылшашылар тобын басқару тапсырылады. Рекордты өнім алуға міндеттеме алған бригада 2 гектар жердің әр гектарынан 816 центнерден және 7 гектар жердің әр гектарынан 484 центенрден өнім жинап, алған рекордтық міндеттемелерін ойдағыдай орындайды.

Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии

Санат:Социалистік еңбек ерлері