Григорий Гарегинович Агабабян (; 1911—1977) армян кеңес архитекторы.
Армян КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1961). 1951 жылдан КОКП мүшесі. Ереван политехикалық институтының құрылыс факультетін бітірген (1937). 1950-59 ж. Ереван қаласының бас архитекторы, архитектура және құрылыс жөнідегі Мемлекеттік комитетінің төрағасы болған. Еревандағы Чаренц атындағы мектептің (1948), тоңазытқыш, (1950), орталық жабық базардың (1952), Раздан көпірінің (1956) авторы.
Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Санат:Армения тұлғалары Санат:Сәулетшілер