Аграхан түбегі (немесе Уч-Коса) — Каспий теңізінің батыс жағалауындағы құмды түбек (Дағыстан). Махачқала қалалық әкімшілігіне қарайды. Ауданы - 212 м². Ұзындығы - 50 км-ге жуық, ені - 8 км-дей. Салыстрымалы биіктігі - 20 м-ге жетеді.

Батысында шығанақпен шектелген. Жері шөлейтті, шағыл келеді, сор көп кездеседі. Шағылдарда жыңғыл бұталар өседі. Туристтер мен балықшылардың көп баратын жері. Жергілікті халықтың мал шаруашылығы үшін пайдаланылады.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Дереккөздер

Санат:Ресей түбектері Санат:Каспий теңізі түбектері Санат:Дағыстан географиясы