Ли Гым Нен (1915 жылы туған, Ресей, Приморье өлкесі) – Социалистік Еңбек Ері (8.6.1957). 1931–50 жылдары Талдықорған облысының «Дальний Восток» және «Путь к социализму» ұжымшарында егіс бригадасының бригадирі, 1950–59 жылдары Шымкент облысындағы Ильичев ауданында ұжымшарда мақта өсірушілер бригадасын, 1959–66 жылдары Жамбыл облысында қызылша және жеміс-жидек өсірушілер бригадасын басқарған. 1966 жылы Ресейдің Приморье өлкесіне қоныс аударды. 2 рет Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Сілтемелер
Санат:Социалистік еңбек ерлері