Партиялық жұмылдыру – коммунистерді армияға немесе халық шаруашылығының салаларына жаппай және арнайы шақыру, Компартияның саяси, соғыс немесе экономикалық қиын жағдайларда қолданатын ұйымдық жұмысының төтенше формасы. Жалпы партиялық мобилизация партия ОК-нің тиісті партия органдарының шешімдері бойынша жүргізіледі. Партиялық мобилизация Совет өкіметінің алғашқы кезінде көбірек жүргізілді. Қызыл Армия қатарына алғашқы жаппай Партиялық мобилизация Шығыс майдандағы ауыр жағдайға байланысты РК(б)П ОК-нің 1918 жылы шілдегі қаулысына сәйкес өткізілді. 1918 жылы жазы мен күзінде Партиялық мобилизация бойынша ондаған мың партия мүшелері, 1918 ж. желтоқсан мен 1919 ж. Ақпанында 2557 коммунист – тәжірибелі партия қызметкерлері майданға жіберілді. РК(б)П ОК Азамат соғысының қиын жағдайларында Колчак армиясының шабуылына байланысты Шығыс майданға, Юденич әскерлеріне қарсы Батыс майданға, Деникин армиясына қарсы Оңтүстік майданға Партиялық мобилизация жариялады. 1918–20 жылдары Азамат соғысы кезінде Партиялық армияға 200 мыңнан астам коммунист келіп қосылды.

Дереккөздер Қазақ совет энцклопедиясы

Санат:КОКП Санат:КСРО ішкі саясаты Санат:Ресейдегі азамат соғысы Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Әскери құқық Санат:Әскери ғылым