Мария Матвеевна Ременцова (12.10.1922 ж.т., Қостанай облысы Урицкий ауданы Сорочинское с.) – биологиялық ғылыми доктор (1963), профессор (1966). Қазақ мемлекеттік медицина институтын (1944, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті ) бітірген. Осы институтта доцент (1951–1955), Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің Өлкелік патология ғылыми зерттеу институтында бөлім меңгерушісі (1955–72), 1972 жылдан Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми зертеу институтында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Оның ғылыми еңбектері негізінен антропозоноздар эпидемиологиясына арналған. Ременцова бруцеллез бен сальмонеллез – табиғи ошақты аурулар екенін дәлелдеп, оларға қарсы қолданылатын шаралар жүйесін (КСРО ғылым академиясының И.И.Мечников атындағы сыйл., 1973) ұсынды. 2 өнертабыстың иегері.

Санат:Тұлғалар