Хамир, Хайыр, Қумақ – Ертіс алабындағы өзен.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 72 км, су жиналатын алабы 1050 км2.
Бастауы Қоржын (Холзун) жотасының оңтүстік-батыс беткейлерінен басталып, Малеевск ауылы тұсында Бұқтырмаға оң жағынан келіп құяды.
Гидрологиясы Аңғары тар, шатқалды. Негізінен қар, аздап жер асты суымен толығады. Көктемгі-жазғы кезеңде тасып, күзде сабасына түседі. Суының минералдылығы 50 — 300 мг/л. Көп жылдық орташа су ағымы Масляха ауылы тұсында 20,3 м3/с. Лайлылығы 5 - 25 г/м3. Суы бойындағы елді мекендердің тұрмыстық-шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады.
Санат:Алтай ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы Санат:Бұқтырма салалары