II Осман (; 3 қараша 1604 — 20 мамыр 1622) — Османлы мемлекетінің 16-шы сұлтаны, Ислам халифатының 81-ші халифі, қолбасшы.

Бұл сұлтан сол кездегі османлы қоғамынан даму жағынан алда болған еді. Ол көптеген жаңартпаларды іске асыруды ойлаған, соның бірі: соғыста пайдасыз, бірақ саясатқа белсенді араласатын жаңа шеріктерді анадолылық жауынгерлермен ауыстыру. Бұл ойын тыңшылар арқылы біліп қойған жаңа шеріктер оған қарсы төңкеріс ашып, өзін ұстап алып, қатыгездікпен өлтірді. Бірақ, ақыр соңында, ол үшін кек қайтарылды: екі ғасырдан кейін, 1826 жылы, жаңа шеріктер II Махмұттың бұйрығымен толығымен жойылды.

Өмірбаяны II Осман 1604 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны I Ахметтің шаңырағында дүниеге келді.

Көкесі I Мұстафа тақтан тайдырылғанда, 13 жастағы II Осман таққа отырды. Алған білімі сол уақытқа қарағанда үздік болатын. II Осман өте белсенді билеуші болды және шешімдердің барлығын өзі шешкен екен. Бірақ бұл бостаншыл жаңа шеріктерге ұнамады. Сұлтан Константиниеде қараулар жүргізу үшін басқаша киініп отырды. Сондай-ақ II Осман өзін өте қатал билеуші ретінде де көрсетті: 1621 жылы мемлекеттік төңкеріске жол бермеу үшін өзінің інісі Мехмет шаһзаданы өлім жазасына кесті.

Отызжылдық соғыс нобай|солға|250px|Кенже Осман

Османлы әскерінің бірнеше жеңілісінен кейін II Осман 1618 жылы сефевидтермен келісім шарт жасады. Бұл келісім шарт 1612 жылғы келісім шартты қайталады. Содан кейін II Осман еуропалық істерге араласа бастады. Оның себебі — Еуропада 1618-1648 жылдары болған Отызжылдық соғыс. Бұл соғыс Еуропаны екі топқа бөлді: габсбургтық және антигабсбургтық. Польша габсбургтердің жағында болды, және 1619 жылы Гуменн шайқасында Трансильвания әскерін жермен жексен етті. Нәтижесінде Трансильвания князі Габор Бетлен II Османнан көмек сұрап, османлылар бұл соғысқа араласа бастады.

1620 жылы, II Осман Польшаға соғыс ашып, поляктарды Молдова жерінде болған Цецор шайқасында жеңді. Келесі жылы II Осман үлкен әскерді Польшаға өзі бастап кірді, алайда Хотин соғысында жеңіліс тапты. Сол жағдайдан кейін ол Польшамен Хотин келісім шартын жасады.

Ажалы II Осман 1621 жылдың қыркүйек айында Константиниеге қайта келіп, бірнеше жаңартулар ойластырды. Ол османлы әскерін қайта жаңғарту үшін Анадолы мен Солтүстік Сирияның тұрғындарынан жаңа жасақ шығарайын деді. Себебі оған бостандықты ойлаған жаңа шеріктер ұнамады, және ол өзінің жаңа жасағымен жаңа шеріктерді ауыстыруды ойлады. Сонымен қатар ол елорданы Кіші Азияға көшіргісі келді. 1622 жылы II Осман қажылық жасау сылтауымен Константиниеден Анадолыға аттанды. 19 мамырда Қара Дәуіт паша бастаған жаңа шеріктер көтерілісі басталды. Соның нәтижесінде II Осман Едікүлеге тұтқынға алынып, келесі күні өлтірілді. Мәйіті Сұлтанахмет мешітінің жаңындағы I Ахмет мазарында жерленді. Тақ Телі Мұстафаға қайта оралды.

Садрағзамдары № Есімі Қызмет атқарған мерзімі Уақыты 74 Дамат Халил паша 26 ақпан 1618 — 18 қаңтар 1619 1 жыл 75 Өгіз Мехмет паша 18 қаңтар 1619 — 23 желтоқсан 1619 11 ай 76 Истанкөйлі Шелеби Әли паша 23 желтоқсан 1619 — 9 наурыз 1621 2 жыл 77 Өхрілі Құсайын паша 9 наурыз 1621 — 17 қыркүйек 1621 6 ай 78 Дилавер паша 17 қыркүйек 1621 — 20 мамыр 1622 6 ай 79 Өхрілі Құсайын паша 20 мамыр 1622 — 20 мамыр 1622 Бірнеше сағат

Өнерде «Ғаламат ғасыр: Көсем дәуірі» телехикаясы (2015-қ.у., II Осман рөлінде — Танер Өлмез)

Қызықты деректер II Осман — жаңартпаларды іске асыруды ойлаған алғашқы сұлтан. II Осман — жаңа шеріктерді жойғысы келген алғашқы сұлтан. Алайда жаңа шеріктерді жою үдерісі ұзаққа соғылды, оларды жою тек екі ғасырдан кейін, 1826 жылы, II Махмұттың қолынан ғана келген еді. II Осман — жаңа шеріктердің қолынан қайтқан алғашқы сұлтан. II Османды өлтірген кезде ол тек 17 жаста ғана еді, яғни ол ажал құшқан кездегі жасы ең кіші сұлтан.

Санат:Османлы империясының сұлтандары