Антонио Лабриола(; 2 шілде 1843 жыл, Кассино — 12 ақпан 1904 жыл, Рим) - итальян философы, публицист, марксизмнің теоретигі және насихатшысы, социалистік қозғалыстың қайраткері.
Өмірбаяны 90 жылдарда социашыл және гербартшілдік бағыттан марксизмге көшті. Ф. Энгельспен жиі хат алысып тұрды. Ол өз еңбектерінде тарихи дамудың, таптар мен таптық күрестің айқындаушы факторларын, халық бұқарасы мен жеке адамдардың тарихтағы рөлін, буржуазиялық қоғамның даму заңдылықтары мен оның сөзсіз күйреуін, мемллекеттік революция мәселелерін зерттеді. Идеология, мораль, құқықтың шығуы мен тарихи рөліне, саяси проблемаларға, пролетариат партиясының тактикасы мен ұйымдық принциптеріне баса көңіл бөлді; социалистік қозғалыстың маркстік теориямен байланысы туралы пікірді одан әрі дамытты. Оның идеясын А. Грамши, П. Тольятти ілгері дамытты. Антонио пролетариат диктатурасы туралы ілімді жете бағаламады, ұлт мәселесін теріс түсіндіҚазақ Совет Энциклопедиясы,7 том
Дереккөздер
Санат:1904 жылы қайтыс болғандар Санат:1843 жылы туғандар