Қарақаба, Қарақоба – Қаба өзенінің оң саласы.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай, Күршім аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 132 км, су жиналатын алабы 3040 км2.

Бастауы Бастауын Оңтүстік Алтай жоталарындағы мұздықтардан алып, мемлекеттік шекараны кесіп, Қытай жеріне өтер тұсында Аққаба өзенімен қосылып Қаба болып аталады. Басты салалары: Арасанқаба, Тарбағатай, Таутекелі, т.б.

Гидрологиясы Өзен арнасының беткейілері тік жарлы, терең шатқалды, төменгі арнасы жарлы болып келеді. Қар, жаңбыр және жер асты суларымен толығады. Көктемде тасиды. Суы өте жұмсақ әрі тұщы. Аңғарында қыстаулар мен жайлаулар бар.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Катонқарағай ауданы өзендері Санат:Күршім ауданы өзендері