Нәзіктұмсық бозторғай () – Қазақстандағы торғайтәрізділер отрядына жататын бозторғайлар тұқымдастардың кіші бозторғайар туысының 4 түрінің бірі.

Таралуы Нәзіктұмсық бозторғай жазықтықта өмір сүретін өз туысының басқа бозторғайларынан ерекше таулы даланы игереді. Қазақстанда Ақсу-Жабағылы аумағына ұласқан орындар Батыс Тәңіртауда ұялаған нәзіктұмсық бозторғайлар кездеседі.

Биологиялық сипаттамасы Оның өзге туыс өкілдерінен айырмашылық ерекшелігі - тұмсығы ұзын және жіңішке, оны ұшып жүргенде де жақсы байқауға болады. Дауысы, әуезі және мінез-қылығы - кіші бозторғайлар типтес. Нәзік бозторғайлардың ұясы едәуір қалың қабырғалы және жылы қалыпқа келтірілген дейтін мәліметтер бар. Мұны аталған суық климатты таулы жерлерде тіршілік етуімен түсіндіре аламыз.

Нәзіктұмсықтылар да басқа бозторғайлар секілді дала өсімдігінің тұқымы мен бунақденелілерді кезектестіріп қоректендірді. Балапандарын тек қана жануартекті жеммен – бунақденелілер және басқа жәндіктермен (өрмекші, құрт, дымсақтармен) қоректендіредіҚұстар.Мектеп энциклопедиясы,2010,Ковшарь Анатолий Федорович,ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамура

Дереккөздер

Category:Calandrella acutirostris

Санат:Бозторғайлар Санат:Азия құстары