Лабиринтодонттар (Labyrinthodontia) - девон-триас дәуірінде тіршілік еткен қос мекенділер отряды. Сырт келбеті мен тіршілігі Сыртқы пішіні қолтырауынға ұқсас, дене тұрқы 5 м. Лабиринтодонттардың көпшілігі өзен, көлде, кейбірі құрлықта өмір сүрген. 30 тұқымдасқа бірігетін 100-ден астам туысы болған. Таралуы Еуропа, Азия, Солтүстік Америкада жоғарғы палеозой мен триас шөгінділерінен қазбадан табылған. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том
Дереккөздер
Санат:Жойылып кеткен жануарлар Санат:Археология