Мырза Ғұләм Ахмед (, ) 1835 жылдың 13-ші ақпанында туып (хижра бойынша 14 шәуәл 1250 ж.), 1908 жылдың 26-шы мамырында дүниеден өткен (хижра бойынша 24 рабиул сәни 1326 ж.). Мырза Ғұләм Ахмед Исламдағы Ахмадия қозғалысының негізін қалаған. Ол, хижра бойынша 14 ғасырдың Мүджаддиді (Исламдағы діни реформатор) екендігіне, сондай-ақ мұсылман үмбетіне уәде етілген Мәсіх әрі Мәһди болғанына талап білдірген.Хазрат Мирза Гулам Ахмад - Муджаддид (Обновитель религии) последнего тысячелетия, Обетованный Мессия и Обещанный Махди. Баспасы: Islam International Publications LTD 2012 Оның ізбасарлары өздерін ахмади-мұсылмандары деп атайды.Chapter Two – Claims of Hadhrat Ahmad. Alislam.org (24 маусым 1904). Тексерілген 20 мамыр 2013."The Fourteenth-Century's Reformer / Mujaddid", from the "Call of Islam", by Maulana Muhammad Ali Мырза Ғұләм Ахмед өзінің ілімдерін насихаттау үшін көп саяхат жасаған, және Үндістанда аса әйгілі болған. Оның айтуы бойынша, Ислам дінін пәк күйінде насихаттау оның міндетіне жүктелгенді. Оның жігерімен, қазір Ахмадия мұсылман жамағаты деп аталатын қозғалыс пайда болған. Оның көзі тірісінде-ақ, көптеген адамдар оның ізбасарларына айналған. Ол христиан миссионерлерімен, ортодоксалды мұсылман молдаларымен, индуис пандиттерімен түрлі пікір-таластарға шығып танымал болған. Мырза Ғұләм Ахмед 1889-шы жылдың 23 наурызында Исламдағы Ахмадия қозғалысының негізін қалады. Ахмадия қозғалысын құру мақсаты, оның айтуы бойынша, Исламды, ғасырлар бойы жапсарлаған бидғаттардан тазартып, оны пәк күйінде қайта жаңғырта әлемге насихат ету.Ahmadiyya Muslim Community, An Overview. Alislam.org. Тексерілген 20 мамыр 2013. Сондай-ақ, Мырза Ғұләм Ахмед мықты жазушы болған. Ол рухани, теологиялық және адамгершілік құндылықтар тақырыбтарына арнап 90-нан астам кітап жазған. Ол Исламды бейбіт жолдармен насихат етуді ұсынды. Исламды күштеп қарумен насихат етуді ешқашан қолдамаған және бұған үзілді-кесілді қарсы болған. Ол осы дәуірдің көпшілік мұсылмандары ұстанған кейбір ұғымдарына қарсы шыққан;Rehan Qayoom. Complete List of the Books of Hadhrat Mirza Ghulam Ahmad (1835–1908). Rehanqayoompoet.blogspot.co.uk. және Құран кәрімнің «Дінде зорлық жоқ» деген аятына сүйеніп, Исламның Жиһад ұғымына дұрыс түсініктеме берген.Jihad Brochure. Тексерілген 20 мамыр 2013.Ахмадилердің жиһад түсінігі. Islam Amanat

Жастық шағы және білім алуы Мырза Ғұләм Ахмед 1835 жылдың 13-ші ақпанында (хижра бойынша 14 шәуәл 1250 ж.) - Амритсардан 56 шақырым, ал Лахордан 112 шақырым жерде және Батала теміржол станциясынан шығысқа қарай 17 шақырым жердегі Қадиан қалашығында (Үндістан) дүниеге келген. Әкесінің есімі Мырза Ғұләм Мұртаза, ол моғолдардың текті әулетінен шыққан, олар сол өңірде үлкен құрметке ие болған әулеттердің бірі еді. Тіпті Хазірет Мырза Ғұләм Ахмедтің әулеті, Кеш шаһарын (қазіргі Өзбекістандағы Шахрисабза өңірін) 200 жылдай билеген, Барластың руынан шыққанды. Ол, Сикх патшалығына Махараджа Рәжит Сингхтың билік еткен тұсында дүниеге келген. Ол бала кезінде Фәзил Иләһи ұстаздың қарамағында Құран кәрім, араб грамматикасын және парсы тілін үйренген. 10 жасында оның ұстазы Фәзл Ахмед есімді адам болған. 17-18 жасында оны Ғұл Әли Шах есімді ұстаз оқытқан.Hadhrat Ahmad. — Athens, Ohio: Islam International Publications, 1998. — P. 15. Бұдан бөлек, ол, әкесі Мырза Ғұләм Мұртазаның қарамағында медициналық бірнеше еңбектерді оқыған, өйткені әкесінің медицинадан терең білімі болған. 1864-1868 жылдар аралығында, Мырза Ғұләм Ахмед, әкесінің қалауымен Сиалкоттағы сотта қызмет етті. Сол уақытта, Үндістанда, британ өкіметіне қарсы ауқымды қозғалыстар орыналды. Барлық дерлік мұсылман көсемдері халықты өкіметке қарсы көтеріп, қарулы жиһад жасауға үндеді. Мұндай бүлікшілік әрекеттерді Мырза Ғұләм Ахмед құптамады. 1868-ші жылдан кейін ол Қадианға оралды, әкесінің тапсырмасымен, олардың жанұясына тиесілі мүліктерге қатысты кейбір даулы істермен айналысты. Осы уақыттар ішінде Мырза Ғұләм Ахмед тақуалығымен таңыла бастады. Ол өз уақытының көп бөлігін оңашада, жергілікті мешітте ғибадат етіп, Құран кәрімді және тағы басқа діни кітаптарды зерттеп-зерделеумен өткізді. 19-шы ғасырдың ортасында, христиан діні агрессивті миссионерлік іс-әрекеттерімен бүкіл Үндістанға қарқында түрде тарала бастады. Сол кездері Мырза Ғұләм Ахмед, Исламды христиан миссионерлерінің сындарынан, жала-айыптарынан қорғау үшін, олармен пікір-талас алаңына жиі шығып отырды. Ахмади-мұсылмандарының айтуы бойынша, Мырза Ғұләм Ахмед, христиан дінінің негіздеріне қатысты Алладан хабар алып, Исаның айқышта өлмей тірі қалғанын, сосын шығысқа қарай барып жоғалған Исраил тайпаларын іздеп-тапқанын, сөйтіп ақыр соңында Құдай жіберген ажалы жеткен соң, барша адамдар сияқты қайтыс болғанын бұлтартпас дәлелдермен Jesus-in-India, by Hadhrat Mirza Ghulam Ahmad of Qadian. Islam International Publications 2003 дәлелдеу арқылы, айқышқа (крестке) негізделген діннің идеологиялық беломыртқасын «сындырды» дейді. 1886-шы жылы, индуистердің Ария Самаж діни ағымының жетекшілері Мырза Ғұләм Ахмедпен Исламның хақ дін екендігі жайында пікір-талас өткізді, және олар одан Ислам тірі дін екендігін дәлелдеп беруді сұрады. Сол себепті, Мырза Ғұләм Ахмед ерекше дұға оқып, Құдайдан жетекшілік сұрау үшін Хашиапур деген жерге барды. Ол оңашаланып қырық күн ораза ұстады, «чилля нәшини» https://en.wikipedia.org/wiki/Chilla-nashini деп аталатын ислами рәсімді тұтты. Ол өзінің үш серігімен саяхаттады және бір ізбасарының екі қабатты шағын үйінде тұрды. Сол кездері ол үнемі өзінің бөлмесінде болды. Серіктері оған тамақты үндемей әкеліп беретін, оған ештеңе айтпайтын, өйткені ол үнемі ғибадат пен құлшылықта болатын. Ол үйден тек жұма күндері, мешітте жұма намазын өткізу үшін шығатын. Ол дәл осы кездері, Құдай оған, бүкіл әлемге танымал болатын, уәделі ұл жайында игі хабар бергенін жариялады.(Nauz-bilah) Ahmad, the Guided One, p. 91Musleh Mau'ood, Khalifatul Masih II, in the Eyes of Non-Ahmadies, The Ahmadiyya Gazette, February 1997

Адалдық антын қабылдау (Байат)

1882-ші жылы Мырза Ғұләм Ахмед, Алла оны рухани реформатор етіп тағайындағанын жариялады. Бірақ ол өзінің ізбасарларынан адалдық антын әлі қабылдай қоймаған болатын. 1888-ші жылдың желтоқсан айында, Алла оған ізбасарларынан адалдық антын қабылдауды бұйырғанын айтты. 1889-шы жылдың қаңтар айында, ол, қабылданатын анттың 10 шарты көрсетілген шағын кітапшаны басып шығарды,"Иштиһар тәкмил-и-таблиғ",12 қантар 1889 ж. оның ізбасарлары осы шарттарды өмірлерінің соңына дейін ұстанулары керек болды. 1889-шы жылы наурыздың 23-де, ол Ахмадия Мұсылман Жамағатының негізін қалады. Сол күні оның 40 ізбасары оған адалдық антын берді. Адалдық антының шарттары келесідей:

Ант беру рәсімі кезінде қолдар формалды түрде біріктіріліп, адал болуға ант ету сөздері оқылады, дегенмен қолмен ұстасу әрдайым міндет емес. Ант беру рәсімінің мұндай түрі оның өмірінің соңына дейін сақталды және орынбасарларымен жалғастырылды.A Brief History of Ahmadiyya Movement in Islam – Founding of Ahmadiyya Jamaat. Alislam.org. Тексерілген 20 мамыр 2013."Байат - Ахмадия Мұсылман Жамағатына кіру кезіндегі ант беру рәсімі". "Ақ мұнара" арнасы. youtube.com

Оның білдірген талаптары Мырза Ғұләм Ахмедтің талабы бойынша, Алла Тағала оны үмбетке уәде етілген Мәсіх және уәде етілген Мәһди ретінде жіберген. Бірақ, басқа мұсылмандар оның бұндай талабын қабылдамады, өйткені олардың пікірі бойынша уәделенген Мәсіх пен имам Мәһди әлемді күшпен жаулап алып, дүнияуи патшалық құру үшін келетін тұлғалар. Ғұләм Ахмедтің мәлімдемесі бойынша, барлық дерлік әлем діндері күткен пайғамбарлардың қайта оралуы оның тұлғасында жүзеге асқанды. Оның бұндай концепциясы үлкен дауға ұласты, әсіресе мұсылман және христиан дінқызметкерлерінің арасында. Мырза Ғұләм Ахмед, физикалық тұрғыда, баяғыда 19 ғасыр бұрын өмір сүрген, Исаның дәл өзімін деп ешқашан айтпаған, дейді оның ізбасарлары. Мырза Ғұләм Ахмедтің мәлімдемесі бойынша, Иса пайғамбар айқышқа керілгенімен оның жаны қиылып кетпеген, кейін жарақаттарынан айыққан соң, Исраилдің жоғалған ұрпақтарын іздеп табу үшін, шығысқа қарай бет алып Кашмирге (Үндістан) дейін жеткен. Ол жоғалған исраил тайпаларын тауып, оларға ізгі хабарын жеткізді және сол жерде қартайған шағында қайтыс болған. Исаның моласы (мазары) "Розабал" деген атаумен Сринагар қаласының «Ханияр» көшесінде әлі күнге дейін сақталған. Мырза Ғұләм Ахмедтің мәлімдемесі бойынша, Құдай оны, Исаның рухани күшімен қуаттап, Мәсіх ретінде тағайындаған Our Teaching; яғни, оның түсіндірмесі бойынша, ол, Иса Мәсіх іспетті, діни соғыстарды доғартып, қантөгістерге қарсы шығу үшін және адамгершілік құндылықтарды, әділеттік пен бейбітшілікті қалпына келтіру үшін келгенді. Осылайша, Мырза Ғұләм Ахмед, исраилдік Иса пайғамбардың қайтыс болғанын, енді ол өзі қайтып келмейтінін жариялады. Мұндай мәлімдемелер басқа мұсылмандар мен христиандардың дәстүрлі сенімдеріне қайшы келді. Ортодоксалды мұсылмандардың сенімі бойынша, Иса пайғамбар көкке денесімен тірідей көтерілген, сондай-ақ христиандар да Исаның физикалық тұрғыда аспанға көтерілгеніне сенеді, (христиандардың сенімі бойынша, Иса айқышта мерт болып, сосын қайта тірілгеннен соң, көкке көтерілген).Tadhkirah. Тексерілген 20 мамыр 2013.

Мырза Ғұләм Ахмед өз кітаптарында, Ислам қазіргі уақытта терең күйзеліске ұшырауда, бұл Исламды құрдымға әкетуі мүмкін деп жазады.Fatah-Islam (1890) (PDF). Тексерілген 20 мамыр 2013.Tawdhi-i-Marām (1891). — Books.google.co.uk.Izāla-i-Auhām (1891) Оның ойынша, бүгінгі Ислам Мәсіхтің келуіне мұқтаж. Оның айтуы бойынша, Мұса пайғамбардан кейін 14 ғасыр өткен соң Иса пайғамбардың келгені сияқты, үмбетке уәделенген Мәсіх те Исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммедтен кейін 14 ғасыр өткен соң келуі тиіс. Ол «Тазкира» атты кітабында өзінің бірталай көріпкелдіктерінің орындалғанын жазады. Сондай-ақ, Имам Мәһдидің келуіне қатысты, сол замандарда орыналатын жағдайларға қатысты Құран кәрім мен хадистердегі көріпкелдіктерді тізбектеп жазған. Ол осы көріпкелдіктердегі белгілердің орындалуын өзіне қатысты және оның осы дәуіріне қатысты айтылғандығын дәлелдеп баққан. Олардың кейбірі егжей-тегжейімен түсіндірілгенді, мысалға, 20-шы ғасырда орыналған кейбір жаһандық құбылыстар жайында, сондай-ақ мұсылман халықтарының мінез-құлқын, ахлағын, әлеуметтік, саяси және экономикалық жағдайын дәлме-дәл суреттеген көріпкелдіктер.Tazkiratush-Shahadatain, p. 38, 39 Мырза Ғұләм Ахмедтің ізбасарлары, яғни ахмади-мұсылмандарының пікірі бойынша, уәделенген Мәсіх-Мәһди келгенде орыналатын үлкен белгілер (мысалға, «Күннің батыстан шығуы»"Мессия и Махди - глазами Святого Пророка Мухаммада (с.а.с.)" №24 хадис, «Дәжжалдың келуі»"Мәсіх және Мәһди - Аллаһтың Елшісі Мұхаммедтің (с.ә.с.) көзімен". №11 хадис , «Яжүж бен Мәжүждің пайда болуы»"Мәсіх және Мәһди - Аллаһтың Елшісі Мұхаммедтің (с.ә.с.) көзімен". №12 хадис және т.с.с. белгілер) барынша жүзеге асып қойғанды, алайда олар, бұл белгілерді, ортодоксалды мұсылмандар сияқты сөзбе-сөз мағынасында емес, астарлы мағынасында түсінеді.Возрождение веры, автор: Хазрат Мирза Тахир Ахмад. Баспасы: Islam International Publications Ltd 2000

Мырза Ғұләм Ахмедтің түсіндірмесі бойынша, Иса пайғамбар қайтыс болғандықтан ол енді қайтып оралмайды, оның есімі үмбеттің ішінен шығатын басқа адамға (яғни, оның өзіне) символды түрде берілген. Сондай-ақ, имам Мәһди деген есім де сол адамға берілген символды есім. Имам Мәһди деген есім – «тура жолға бастайтын имам» - деген мағынаны білдіреді. Сондықтан оның тұжырымдамасы бойынша, үмбетке уәде етілген Мәсіх пен Мәһди екі адам емес, бір адамның қос символды есімдері. Мұндай мәлімдемелер ортодоксалды мұсылман дінқызметкерлерінің арасында қатты алаңдаушылықтарды тудырды. Өйткені олардың бекітілген теологиялық ұстанымдары бойынша, Иса пайғамбар аспанға тірідей көтерілген, және қияметтің алдында сол баяғы бәзқалпында, аспаннан қайта түседі. Сондай-ақ, имам Мәһди мен Иса екі бөлек адамдар.