Күмісқали Жаңабеков Жаңабекұлы (9 мамыр 1939 ж.т., Байзақ ауд. Дихан а.) - ғалым, биология ғылымдарының кандидаты, профессор. 1962 ж. Алматы зоотехнология-малдәрігерлік институтын аяқтаған соң эмбриология кафедрасында ұстаздық қызметке қалдырылды. 1962-77 ж. гистология кафедрасында ассистент, 1979-81 ж. аға оқытушы, 1981-88 ж. доцент, 1988-96 ж. жануарлар анатомиясы, гистологиясы және эмбриологиясы кафедрасының меңгерушісі, 1996-2000 ж. Қазақ ұлттық аграрлық университетті жануарлар морфологиясы және физиологиясы кафедрасының доценті, профессоры қызметін атқарды. 1986 жылдан бастап Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде өсірілетін қой тұқымдарф ет өнімі қалыптасуының морфология негіздері тақырыбына байланысты жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етті. Ол 150-ден астам ғылым оқу-әдістемелік еңбектердің авторы. Дереккөздер Тараз, Жамбыл облысы энциклопедиясы, Алматы 2003 Санат:Тұлғалар Санат:1939 жылы туғандар
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Күмісқали Жаңабеков · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.