Ұзынсор – Нұра алабындағы ағынсыз көл.
Геологиялық орны Ақмола облысы Целиноград ауданының оңтүстік-батысында, Жалғызқұдық ауылынан шығысқа қарай 5 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 355 м биіктікте жатыр. Аудан 6,8 км2 (кей жылдары 5,8 км2). Ұзындығы 6,7 км, енді жері 1 км. Жағалау бойының ұзындығы 21 км. Су жиналатын алабы 131 км2. Жағалауы жайпақ, түбі таза. Қар және жер асты суларымен толығады. Суы тұзды, өте таза. Көл құрғамайды.
Санат:Целиноград ауданы көлдері Санат:Нұра су алабы