Василий Семенович Шахрай (1923 – 2007) – Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, полк байланысшысы.
Өмірбаяны 1923 жылы Ақтөбе облысы Новоресей ауданына (қазіргі Хромтау ауданы) қарасты Кредиковка (қазіргі Ақжар) ауылында туған. Кейін Алға қаласында тұрды. 1943 жылдың ақпанында 63-ші атқыштар дивизиясы 26-шы артиллерия полкының байланысшысы болды. Батыс және 3-ші Беларусь майдандарында шайқасты.
Марапаттары В.С. Шахрай 1944 жылы үшінші, екінші дәрежелі және 1945 жылдың 19 сәуірінде бірінші дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталды.http://batyrlar.blogspot.com/p/blog-page_22.html
Дереккөздер
Санат:Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары