Таловка — Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданындағы ауыл, Талов ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Жәнібек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 120 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1120 адам (552 ер адам және 568 әйел адам) болса, 2009 жылы 922 адамды (460 ер адам және 462 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 531 адамды (284 ер адам және 247 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Жәнібек ауданы елді мекендері