Аугусто Матиас Фернандес (англ. Augusto Matias Fernandez; 10 cәуір 1986 жыл, Пергамино, Аргентина) — аргентиналық футболшы, Аргентина Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы. Қытайдың "Бэйжің Жэньхэ" клубында ойнайды.
Клубтық карьерасы 2011 жылдан бері Аргентина құрамасының мүшесі, бірақ сирек шақырылады. Әзірше не-бары 16 ғана ойынға қатысып, бір гол ғана соқты.
Аргентинаның "Ривер Плейт" клубында футболшылық карьерасын бастады. Кейін "Велес Сарсфильд", "Сент-Этьенн", "Сельта" секілді клубтарда доп теуіп, "Атлетико Мадрид" сапына 2016 жылы жазда қосылды. Негізгі құрамда көп ойнай алмауына байланысты, 2018 жылдың басында Қытайдың "Бейжің Жэньхэ" клубына ауысып кетті.
Жетістіктері
Клубтық
Ривер Плейт
Аргентина чемпионы: 2008, Клаусура
Велес Сарсфильд
Аргентина чемпионы: 2011, Клаусура
Атлетико
Чемпиондар Лигасының финалисі: 2015–16
Халықаралық
Аргентина
Әлем чемпионатының күміс жұлдегері 2014 Америка кубогының күміс жүлдегері 2016
Жеке өмірі Әйелінің аты Джессика Алмада. Үш перзенттері (бір ұл, екі қыз) бар. Дереккөздер
Санат:Аргентина футболшылары Санат:10 сәуірде туғандар Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары
Санат:Ривер Плейт ФК ойыншылары Санат:Сент-Этьен ФК ойыншылары Санат:Велес Сарсфилд ФК ойыншылары Санат:Сельта ФК ойыншылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары