Люка Франсуа Бернар Эрнандес (фр. Lucas François Bernard Hernández; 14 ақпан 1996, Марсель, Франция) — француз футболшысы, Франция Ұлттық футбол құрамасы мен "Бавария" клубының жартылай қорғаушысы. Клубтық мансабы Кәсіпқой футболшы Жан-Франсуа Эрнандестің ұлы. Футболшы Тео Эрнандестің ағасы.
Әкесі "Атлетико Мадрид" клубының ойыншысы болған. Өзі де осы клубтың түлегі саналады. 11 жасынан бастап мадридтік клубтың жастар командасында ойнады. 2014 жылдан бастап кәсіпқой командасында доп тебе бастады. 2014-15 жылғы маусымда "Атлетиконың" фарм клубында ойнап, негізгі командаға қайта оралды.
2019 жылы жазда "Баварияға" ауысты.
Ұлттық құрамада Лукас Эрнандес Испанияның да, Францияның да азаматтығын алған футболшы. Ол Францияның жастар құрамасында да, жасөспірімдер құрамасында да ойнаған. 2018 жылы наурызда Франция құрамасының шақыртуынан бас тартты. Өйткені ол Испания құрамасы сапында ойнағысы келетінін сан рет айтқан-ды. Бірақ кейіндеу Франция құрамасының шақыртуын қабыл алып, 23 наурыз күні Франция — Колумбия (2:3) матчында алаңға шықты.
2018 жылғы әлем чемпионатына қатысып, әлем чемпионы атанды.
2021 жылы Ұлттар лигасының чемпионы атанды десек те болады (бірақ та финалда Испанияға қарсы өткен ойынға қатыспады).
Жетістіктері Чемпиондар Лигасының финалисі: 2016 УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы: 2020 УЕФА Еуропа Лигасының жеңімпазы: 2018 Германия чемпионы: 2020 УЕФА Суперкубогы: 2018, 2020 Әлем чемпионы: 2018 УЕФА Ұлттар Лигасының чемпионы: 2021
Сілтемелер Ойыншының профилі
Санат:Алфавит бойынша футболшылар Санат:1996 жылы туғандар Санат:Франция футболшылары Санат:14 ақпанда туғандар Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары