«Махаббат тәлкегі» — толық метражды көркем фильм. 2010 ж. Қазақфильм мен Интерфест киностудиялары шығарған.
Сюжет Фильм Әсел атты аса келбетті бойжеткен жайында. Ауқатты күйеу жігіттің арқасында Әселді қоғамның бетке ұстар қаймақтары әрдайым өз қатарларына қосып, өздерімен тең көреді. Алайда ол бұл ортада өз жетістіктерінің арқасында сыйлы болғысы келеді. Оған бұл жолда оның құрбысы Женя қол ұшын созбақ болып, ол үшін бір ғана шарт қояды. Әсел дәмханаға алғаш кіріп келген жігітті өзіне ғашық етуі тиіс болады. Ол адам - өмірі жолы болмайтын оқымысты Иван болып шығады. Анасынан басқа ешкімді елемейтін оқымысты жігітті өзіне ғашық етемін деп оқталған бойжеткен, оған өзі қалай ғашық болып қалғанын білмей қалады. Ақырында алғашқы шынайы махаббаты үшін үйлену тойының үстінде дәулетті күйеу жігітін тастап кетеді.
Рөлдерде Иван — Алексей Чадов Әсел — Әсел Сағатова Әлік — Ерік Жолжақсынов Иванның анасы — Ирина Розанова Женя — Ольга Орлова Маша — Наталья Рудова Анжела — Марина Черняева генерал — Гоша Куценко Бибігүл — Қарлығаш Мұхамеджанова Андрей — Виталий Герасимов
Дереккөздер
Санат:Қазақфильм фильмдері Санат:Орыс тіліндегі фильмдер Санат:2010 жылғы фильмдер Санат:2010 жылғы Қазақстан кинокомедиялары