Даниэль Бертони (; , Байя-Бланка) — аргентиналық футболшы, жартылай қорғаныста ойнаған. 1978 жылғы әлем чемпионы. Кейін азырақ уақыт бапкерлікпен айналысты.

Аргентина, Испания, Италия клубтарында ойнады. Аргентинаның "Индепендьенте" клубында ойнап жүріп, 1978 жылғы өз елінде өткен әлем чемпионатына қатысты. Бұл біріншілікте Аргентина әлем чемпионы атанды. Бертони финалда Нидерланд қақпасына шешуші үшінші голды соқты.

Осы әлем чемпионатынан соң дереу Еуропаның бірнеше клубы Бертониді өздеріне шақырды, Бертони "Севильяны" таңдады. Севильялық клубта екі маусым ойнады да, карьерасының қалған бөлігін Италия клубтарында өткізіп, 1987 жылы карьерасын аяқтады.

Бертони 1982 жылғы әлем чемпионатына да қатысып, екінші турда Мажарстанның, соңғы турда Сальвадордың қақпасына гол соқты.

Жетістіктері

Аргентина чемпионы (2): 1977 (Насьональ), 1978 (Н) Либертадорес кубогының жеңімпазы (3): 1973, 1974, 1975 Құрлықаралық кубок (1): 1973 Әлем чемпионы (1): 1978

Сілтемелер Профилі

Санат:14 наурызда туғандар Санат:Аргентина футболшылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Индепендьенте ФК ойыншылары Санат:Севилья ФК ойыншылары Санат:Фиорентина ФК ойыншылары Санат:Наполи ФК ойыншылары Санат:Удинезе ФК ойыншылары Санат:Индепендьенте ФК жаттықтырушылары Санат:Аргентина футбол жаттықтырушылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары