Дамир Амагелдіұлы Исмағұлов (; 3 ақпан 1991 жыл, Первомай ауданы, Орынбор облысы) — Ресей және Қазақстан елдері атынан аралас жекпе жектерде өнер көрсететін кәсіпқой спортшы. Жеңіл салмақтағы "М-1 Global" турнирінің және аралас жекпе жек бойынша Ресей кубогының жеңімпазы.

Өмірбаяны Дамир Исмағұлов 1991 жылы 3 ақпанда Орынбор облысы, Первомай ауданы, Ударный ауылында дүниеге келген. Ұлты бойынша – қазақ. Байұлы тайпасының Байбақты руынан шыққан.

Бала кезінен футбол ойнаған, атқа мінгенді ұнататын, жеңіл атлетикада өзін сынап көрген. Кейіннен Орынборға тұрақты түрде көшіп, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің дене шынықтыру және спорт институтына оқуға түседі.

Әуесқойлық мансапы Студент кезінде жекпе-жек өнерінің әртүрлі түрлерімен айналысып, әмбебап жекпе-жектен және армиялық қоян-қолтық ұрыста спорт шебері нормативін орындады. 2011 жылдан бастап ММА бойынша әуесқойлар деңгейінде өнер көрсетті, 2014 жылы Ресей кубогын жеңіп алғаннан кейін аралас жекпе-жектен спорт шебері атағы берілді.

Кәсіби мансаптың басталуы Аралас жекпе-жектен кәсіпқой деңгейде дебют жасаған 2014 жылдың қазан айында Орынборда өткен «Скифтердің алтыны» турнирінде қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Орынбордың «Боец» клубы мен «Новый Поток» командасының атынан шығып, Александр Шлеменконың жетекшілігімен «Шторм» мектебінде жаттығады.

M-1 Global 2015 жылдан бастап ресейлік ірі M-1 Global промоушенінің жауынгері болды, онда барлығы он жеңіске жетіп, бір жеңіліске ұшырады.

2017 жылдың мамыр айында Максим Дивничті техникалық нокаутпен жеңіп, жеңіл салмақ дәрежесінде бос тұрған M-1 чемпионы атағын жеңіп алды. Одан кейін Рауль Тутараули мен Артем Дамковский сынды балуандарды жеңіп, чемпиондық белбеуін екі рет қорғап қалды.

Ultimate Fighting Championship 11 рет жеңіске жеткен кезде, 2018 жылы Исмағұл әлемдегі ең ірі жекпе-жек ұйымы Ultimate Fighting Championship ұйымымен ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды. UFC сегізбұрышындағы дебюттік жекпе-жегінде австралиялық Алекс Горгисті бірауыздан ұтты.. В дебютном поединке в октагоне UFC единогласным решением судей выиграл у австралийца Алекса Горджиса

2019 жылы испандық Жоэль Альварес пен бразилиялық Тиаго Моизисті ұпай саны бойынша жеңді.

2018 жылы UFC ұйымымен келісімшартқа отырған Дамир Исмағұлов әлемнің ең мықты лигасының туы астында алты жекпе-жек өткізіп, бес жеңіске жетіп, бір рет жеңіліске ұшыраған. Оның жалғыз сәтсіздігі 17 желтоқсанда Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 216 турнирінде бірауыздан қабылданған шешіммен жеңілген Арман Царукянға қарсы болды.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Царукянмен болған жекпе-жек Исмағұловтың UFC-мен қазіргі келісім-шарты бойынша соңғысы болды.

Титулдары мен жетістіктері M-1 Global сүрмесіз|60x60 нүкте M-1 Global жеңіл салмақтағы чемпион (үш рет)http://combatpress.com/2018/06/m-1-challenge-94-ismagulov-vs-damkovsky-results/http://combatpress.com/2018/02/m-1-challenge-88-ismagulov-vs-tutarauli-results/ Титулды бір рет қорғау M-1 Global жылдың жауынгері (2017 жыл)https://thefightjournal.com/2018/01/17/2017-m-1-global-fighter-of-the-year-m-1-challenge-lightweight-champion-damir-ismagulov/

Статистикасы

| style="text-align:center;" | 26-3 | Обердан Виейра Тенорио | Нокаут (айналма аяқ соққы) | Alash Pride 100 | 21 қыркүйек 2024 | style="text-align:center;" | 1 | style="text-align:center;" | 2:12 | Ақтөбе, Қазақстан

| align=center|25-3 | Дмитрий Климов | Шешім (көпшілік) | Hardcore MMA 93: Brandão vs. Kasimbay | 13 шілде 2024 | align=center|3 | align=center|5:00 | Алматы, Қазақстан

| align=center|24-3 | Грант Доусон | Шешім (көпшілік) | UFC on ESPN: Strickland vs. Magomedov | 1 шілде 2023 | align=center|3 | align=center|5:00 | Лас-Вегас, АҚШ

| align=center|24-2 | Арман Царукян | Шешім (көпшілік) | UFC Fight Night: Cannonier vs. Strickland | 17 желтоқсан 2022 | align=center|3 | align=center|5:00 | Лас-Вегас, АҚШ

| align=center|24-1 | Гурам Кутателадзе | Шешім (бөлек) | UFC on ESPN: Kattar vs. Emmett | 18 маусым 2022 | align=center|3 | align=center|5:00 | Остин, АҚШ

| align=center|23-1 | Рафаэл Алвис | Шешім (көпшілік) | UFC Fight Night: Font vs. Garbrandt | 22 мамыр 2021 | align=center|3 | align=center|5:00 | Лас-Вегас, АҚШ

| align=center| 22-1 | Тиагу Мойзес | Шешім (көпшілік) | UFC Fight Night: Andrade vs. Zhang | 31 тамыз 2019 | align=center| 3 | align=center| 5:00 | Шэньчжэнь, Қытай

| align=center| 21-1 | Хоэль Альварес | Шешім (көпшілік) | UFC Fight Night: Błachowicz vs. Santos | 23 ақпан 2019 | align=center| 3 | align=center| 5:00 | Прага, Чехия

| align=center| 20-1 | Алекс Горджис | Шешім (көпшілік) | UFC Fight Night: dos Santos vs. Tuivasa | 2 желтоқсан 2018 | align=center| 3 | align=center| 5:00 | Аделаида, Аустралия

| align=center| 19-1 | Артём Дамковский | Техникалық нокаут (қол жарақаты) | M-1 Challenge 94 | 15 маусым 2018 | align=center| 1 | align=center| 3:53 | Орынбор, Ресей

| align=center| 18-1 | Раул Тутараули | Шешім (көпшілік) | M-1 Challenge 88 | 22 ақпан 2018 | align=center| 5 | align=center| 5:00 | Мәскеу, Ресей

| align=center| 17-1 | Рожериу Матиас да Консейсан | Шешім (көпшілік) | M-1 Challenge 85 | 10 қараша 2017 | align=center| 3 | align=center| 5:00 | Мәскеу, Ресей

| align=center| 16-1 | Максим Дивнич | Техникалық нокаут (соққылар) | M-1 Challenge 78 | 26 мамыр 2017 | align=center| 5 | align=center| 4:47 | Орынбор, Ресей

| align=center| 15-1 | Морган Хероуд | Техникалық нокаут (соққылар) | M-1 Challenge 74 | 18 ақпан 2017 | align=center| 3 | align=center| 1:31 | Санкт-Петербург, Ресей

| align=center| 14-1 | Мұрат Бақторазов | Техникалық нокаут (соққылар) | rowspan=3| Alash Pride FC: Zhekpe Zhek | rowspan=3| 15 желтоқсан 2016 | align=center| 1 | align=center| 3:52 | rowspan=3| Алматы, Қазақстан

| align=center| 13-1 | Айбек Нұрсейіт | Техникалық нокаут (соққылар) | align=center| 1 | align=center| 4:03

| align=center| 12-1 | Темірлан Айсаділов | Техникалық нокаут (соққылар) | align=center| 2 | align=center| 2:49

| align=center| 11-1 | Рубенилтон Перейра | Шешім (көпшілік) | M-1 Challenge 72 | 18 қараша 2016 | align=center| 3 | align=center| 5:00 | Мәскеу, Ресей

| align=center| 10-1 | Ильяс Чингизбек | Шешім (көпшілік) | Naiza FC 6 | 16 қыркүйек 2016 | align=center| 5 | align=center| 5:00 | Ақтау, Қазақстан

| align=center| 9-1 | Раул Тутараули | Техникалық нокаут (соққылар) | M-1 Challenge 66 | 27 мамыр 2016 | align=center| 3 | align=center| 3:49 | Орынбор, Ресей

| align=center| 8-1 | Вячеслав Тен | Берілу (қылғындыру) | M-1 Challenge 65 | 8 сәуір 2016 | align=center| 1 | align=center| 2:31 | Санкт-Петербург, Ресей

| align=center| 7-1 | Геннадий Сысоев | Техникалық нокаут (берілу) | Scythian Gold: MMA Fight Night | 4 наурыз 2016 | align=center| 3 | align=center| N/A | Орынбор, Ресей

| align=center| 6-1 | Хавьер Фуэнтес | Техникалық нокаут (соққылар) | OMMAF: Scythian Gold 2015 | 21 қараша 2015 | align=center| 1 | align=center| N/A | Орынбор, Ресей

| align=center| 5-1 | Рамазан Эсенбаев | Шешім (көпшілік) | M-1 Challenge 61 | 20 қыркүйек 2015 | align=center| 3 | align=center| 5:00 | Назрань, Ресей

| align=center| 5-0 | Педро Эухенио Гранхо | Техникалық нокаут (соққылар) | M-1 Challenge 59 | 3 шілде 2015 | align=center| 1 | align=center| 2:53 | Астана, Қазақстан

| align=center| 4-0 | Сергей Андреев | Шешім (көпшілік) | M-1 Challenge 57 | 2 мамыр 2015 | align=center| 3 | align=center| 5:00 | Орынбор, Қазақстан

| align=center| 3-0 | Фуад Алиев | Шешім (көпшілік) | Kazakhstan MMA Federation: Battle of Nomads 3 | 11 сәуір 2015 | align=center| 3 | align=center| 5:00 | Орал, Қазақстан

| align=center| 2-0 | Эльдар Магомедов | Техникалық нокаут (соққылар) | Kazakhstan MMA Federation: Battle of Nomads 2 | 30 қараша 2014 | align=center| 1 | align=center| 4:32 | Алматы, Қазақстан

| align=center| 1-0 | Давид Бачкаи | Техникалық нокаут (соққылар) | OMMAF: Scythian Gold 2014 | 18 қазан 2014 | align=center| 1 | align=center| 3:57 | Орынбор, Ресей

https://www.sherdog.com/fighter/Damir-Ismagulov-181183

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:Первомай ауданында туғандар Санат:M-1 чемпиондары Санат:Қазіргі UFC жауынгерлері Санат:Ресей UFC жауынгерлері Санат:Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті түлектері Санат:Ресей қазақтары