Петр Поликарпович Бессчетнов (22 тамыз 1924 жылы, Ресей, Кемерово облысы, Ленинск-Кузнецкий қаласында туған – 2003 жылы, Алматы қаласында қайтыс болды) – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1969 жылы), профессор (1974 жылы). Қазақ Мемлекеттік Ауыл Шаруашылық институтын (1950 жылы) бітірген. 1950–54 жылдары аспирант, ассистент, 1954–65 жылдары орман шаруашылығы факультетінде декан, кафедра меңгерушісі (1965–92 жылдары), 1992 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде профессор қызметін атқарды. Бессчетнов 200-ден астам ғылыми еңбектің, 4 монографияның авторы.“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том Шығармалары 1. "Редкие и ценные растения Казахстана", Алматы, 1981;

2. "Туранговые тополя Казахстана", Алматы, 1982.

Дереккөздер</span>

Санат:Тұлғалар