Эдмунд Конен (; 10 қараша 1914 жыл — 5 наурыз 1990 жыл) — германиялық футболшы, шабуылшы. Германия ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
1934 жылғы әлем біріншілігі 1934 жылғы әлем чемпионатына қатысқан. Турнирдің 1/8 финалында Бельгияның қақпасына үш гол соғып, Германия құрамасының әлем чемпионаттарында хет-трик жасаған тұңғыш футболшысы ретінде тіркелді. Чемпионатта жалпы төрт голдың авторы атанды (үшінші орын үшін ойында Аустрияның қақпасына бір гол соқты).
Кейінгі жылдарда 1935 жылы Коненнің жүрегінде ақау бар екендігі анықталып, 1938 жылға дейін футболмен айналысуға мүмкіндігі болмады. 1938 жылы "Штутгартер" клубында карьерасын қайта жаңғыртты, 1938 жылы Германия құрамасының бапкері Зепп Гербергердің шақыртуымен құрамаға қайта оралды.
Құрамадағы соңғы ойынын 1942 жылы мамыр айында Будапеште Мажарстан құрамасына қарсы өткізді. Бұл ойында неміс футболының болашақ жұлдызы Фриц Вальтермен бірге ойнады.
1952 жылы футбол ойнауды доғарды да, бапкерлікпен айналысты.
Жетістіктері
Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 1934
Сілтемелер
Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Германия футбол жаттықтырушылары Санат:Байер 04 ФК жаттықтырушылары Санат:Саарбрюккен ФК ойыншылары