«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ — Қазақстанның аграрлық саласының ғылыми-білім беру мекемелерінің мемлекет және бизнеспен тұрақты өзара әрекеттесуінің бірыңғай операторы, ғылыми-білім беру орталығы.
Тарихы "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Үкіметтің 2015 жылғы 22 тамыздағы № 659 қаулысымен құрылды. Акционерлік қоғам құрамына Ауыл шаруашылығы министрлігінің 3 жоғары оқу орны өтті. Сонымен бірге "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамын таратып, мүлкін "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына" беру көзделді."Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы
Үкіметтің 2016 жылғы 25 қазандағы № 616 қаулысы "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамының толық таратылуын жоққа шығарды.
Үкіметтің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 160 қаулысымен "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамы мен оның 42 еншілес ұйымы "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына қосылды.Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы
Үкіметтің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 558 қаулысымен Аграрлық орталықтың "Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" мен "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағына өтті."Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" және "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін cыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы
Үкіметтің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 275 қаулысымен "Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты" ЖШС Денсаулық сақтау министрлігінің жаңадан құрылған "QazBioPharm" Ұлттық холдингінің құрамына берілді."Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы
Үкіметтің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 949 қаулысымен "Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы" ЖШС тікелей Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағына өтті."Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлесін cыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Үкіметтің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 1061 қаулысымен "Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қарамағына өтті."Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы
Үкіметтің 2024 жылғы 29 шiлдедегi № 610 қаулысымен "Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты" ЖШС Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағына өтті."Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы
Миссиясы мен қызмет көрсету бағыттары «ҰАҒБО» КеАҚ миссиясы - Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің инновациялық дамуына жәрдемдесу. Олардың қатарында: сұрыптардың өнімділігін арттыру үшін егін шаруашылығында инновациялық тәсілдерді енгізу, жаңа технологияларды апробациялау және енгізу үшін тәжірибе шаруашылықтарының негізінде демонстрациялық алаңдарды құру, Қазақстан Республикасының АӨК дамыту үшін отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу әзірлемелерін жасау, аграрлық саладағы ғылыми ортаны нығайту және одан әрі дамыту.
Миссияны орындау үшін «ҰАҒБО» КеАҚ келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады: Агроөнеркәсіп кешенінің ғылыми және кадр әлеуетін арттыру. Еншілес ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау. Мемлекеттік органдармен тиімді өзара әрекеттесу. Ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық тиімділігін арттыру, аграрлық ресурстар мен стандарттарды дамыту, аграрлық сектордағы инвестициялық және инновациялық белсенділікке ынталандыру мақсатында акциялары Қоғамға берілетін заңды тұлғаларды тиімді басқару. Педагогикалық қызметкерлердің, студенттердің бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстарын ынталандыру. Тәжірибелі-конструкторлық жұмыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты, агроөнеркәсіптік кешендегі инновациялық сипаттағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту, олардың коммерциялануы және Қазақстан Республикасында жүзеге асырылуы. Отандық тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды, агроөнеркәсіптік кешеннің іргелі және қолданбалы зерттеулерін сыртқы нарықтарға алға жылжытуға жәрдемдесу. «ҰАҒБО» КеАҚ-ның және оның еншілес ұйымдарының қызметіне халықаралық стандарттарды енгізу. Ауыл шаруашылығына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту. Заманауи өндірістік технологияларды енгізетін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін ынталандыру шараларын әзірлеу. Қазақстанның аграрлық ғылым мен білім деңгейін халықаралық сапа стандарттарына көтеру. Қазақстандық аграрлық ғылыми өнімдерді (сорттар, тұқымдар, технологиялар және т.б.) әлемдік және аймақтық нарықтарға жылжыту. Заманауи ғылыми әзірлемелерді және инновациялық технологияларды өндіріске енгізудің тиімді жүйесін құру. Аймақтық тәжірибе-эксперименталдық орталықтар желісін және білімді тарату орталықтарын құру. Бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және бюджеттен тыс қаражат есебінен ғылыми әзірлемелерді бірлесіп қаржыландыру жүйесін құру. Әлемдік деңгейде аграрлық ғылым мен білім инфрақұрылымын құру және дамыту және оның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету .
Еншілес ұйымдары Акционерлік қоғам құрамына 31 еншілес компания, оның ішінде 3 жоғары оқу орны, 11 ғылыми-зерттеу институты, 15 тәжірибе шаруашылығы және 2 сервистік компания кіреді.
Жоғары оқу орындары «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ — 100% (Алматы) "ҰАҒББО" КеАҚ Жоғарғы оқу орындары «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ — 100% (Астана) «А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС — 100% (Ақмола облысы, Научный кенті) Көкшетау филиалы (Ақмола облысы, Шағалалы ауылы) «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС — 100% (СҚО, Шағалалы ауылы) «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ — 100% (Орал)
Ғылыми-зерттеу орталықтары «Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» ЖШС — 100% (Алматы) "ҰАҒББО" КеАҚ ғылыми-зерттеу орталықтары Солтүстік филиалы (Астана) «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС — 100% (Алматы облысы, Алмалыбақ ауылы) Талдықорған филиалы (Жетісу облысы, Өтенай ауылы) Жамбыл филиалы (Жамбыл облысы, Бесағаш ауылы) «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС — 100% (Алматы) «Павлодар» аймақтық филиалы (Павлодар облысы, Кемеңгер ауылы) «Сарыағаш» аймақтық филиалы (Түркістан облысы, Жемісті ауылы) «Қайнар» аймақтық филиалы (Алматы облысы, Қайнар ауылы) «Талғар» аймақтық филиалы (Алматы облысы, Алмалық ауылы) «Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС — 100% (Қызылорда) «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС — 100% (Алматы) Семей филиалы Астана филиалы «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС — 100% (Алматы) «Қ.Ү. Медеубеков атындағы Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» филиалы (Алматы облысы, Мыңбаев ауылы) «Мал шаруашылығы ғылыми-инновациялық орталығы» филиалы (Астана) «Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС — 100% (Алматы) Қостанай филиалы (Қостанай облысы, Тобыл қаласы) «Оңтүстік Қазақстан» филиалы (Түркістан облысы, Ынтымақ ауылы) «Ө.Ө. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС — 100% (Алматы) «Орталық Азия экология және қоршаған орта ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС — 51% (Алматы) «Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС — 100% (Ақтөбе) «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС — 100% (Шымкент) «Өсімдіктер генетикалық қорының Н.И. Вавилов атындағы Арал өңірі тәжірибе станциясы» филиалы (Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы) Атырау филиалы «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС — 100% (СҚО, Бескөл ауылы)
Тәжірибе станциялары мен шаруашылықтары «Арқалық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС — 51% (Қостанай облысы, Ашутасты ауылы)"ҰАҒББО" КеАҚ тәжірибе станциялары мен шаруашылықтары «Заречное» ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС — 100% (Қостанай облысы, Заречное ауылы) «Кондрат тәжірибе көрсететін орман питомнигі» ЖШС — 100% (СҚО, Боровское ауылы) «Көкшетау тәжірибелік-өндірістік шаруашылығы» ЖШС — 100% (Ақмола облысы, Шағалалы ауылы) «Красноводопад ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС — 100% (Түркістан облысы, Сарқырама ауылы) «Қазақ тұлпары» ЖШС — 100% (Қостанай облысы, Заречное ауылы) «Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС — 100% (Қостанай облысы, Научное ауылы) «Қарабау тәжірибелік-өндірістік шаруашылығы» ЖШС — 100% (Түркістан облысы, Қарабау ауылы) «А.Ф. Христенко атындағы Қарағанды ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС — 100% (Қарағанды облысы, Центральное ауылы) «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС — 100% (Түркістан облысы, Атакент кенті) Шардара филиалы (Түркістан облысы, Ұзыната ауылы) «Мерке» тәжірибе шаруашылығы» ЖШС — 100% (Жамбыл облысы, Жеміс-жидек ауылы) «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС — 100% (БҚО, Деркөл кенті) «Павлодар ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС — 100% (Павлодар облысы, Кемеңгер ауылы) «Түгіскен» тәжірибе шаруашылығы» ЖШС — 100% (Қызылорда облысы, Түгіскен ауылы) «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС — 100% (ШҚО, Опытное Поле ауылы)
Сервистік компаниялар «Республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы «Асыл түлік» АҚ — 94,89% (Ақмола облысы, Қосшы қаласы) «Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығы» ЖШС — 100% (Астана)"ҰАҒББО" КеАҚ Сервистік компаниялары
Басшылары Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басшылары Асқар Наметов (2015-2017) Ұлан Тәжібаев (2018-2019) Төлеутай Рақымбеков (2019-2020) Гүлмира Исаева (2021-2022) Дархан Балпанов (2022-2023) Бауыржан Қасенов (2023-2024) Айгүл Ахмеджанова (2024-2025) Ерлан Айтаханов (2025) Бауыржан Асанов (2025-)
«ҚазАгроИнновация» басшылары Төлеутай Рақымбеков (2007-2009) Берік Оспанов (2009) Баян Әлімғазинова (2009-2010) Серік Кененбаев (2010-2012) Сергей Могильный (2012-2014) Әзімхан Сатыбалдин (2014-2015)
Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының басшысы Әзімхан Сатыбалдин (1996-2003)
Қосымша мәліметтер
Дереккөздер