Қарашалаң – Сырдария сағасында орналасқан арналық тұщы көл.
Географиялық орны Қызылорда облысы Арал ауданы Қарашалаң ауылының батысында, теңіз деңгейінен 49 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 5,7 км2, ұзындығы 14 км, енді жері 5 км, жағалау бойының ұзындығы 105 км шамасында.
Жағалау сипаты Күрделі пішінді көлдің батыс бөлігінде батпақ басқан арал бар. Оңтүстігінен басқа жағалауын және батпақты батыс бөлігін қамыс, құрақ басқан. Суы Сырдария өзенінің суымен реттеліп отырады, содықтан көл аумағы тұрақсыз. Солтүстік жағалауы жарқабақты келген, қалған жағалауы жазық. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Арал ауданы көлдері Санат:Сырдария су алабы