Айдах қояны () — сүтқоректілердің тұқымдасына жататын қоянтәріздес жануар. Сипаттамасы Дене ұзындығы 22-ден 28 см-ге дейін, салмағы 250-ден 450 г-ға дейін жетеді. Артқы аяқтары өте қысқа, сондықтан олар басқа қояндар тәрізді секіріп жүре алмайды. Таралуы Айдах қояны АҚШ-тың солтүстік-батысында, Вашингтон, Айдахо, Монтана, Вайоминг, Невада және Калифорнияның солтүстігінде мекен етеді.
Өмір салты Тереңдігі 1 м-ге дейін, әдетте, 4 немесе 5 шығу жолы бар індер қазады. Олар әдетте оны бұта астында қазады. Бұл әрекеттері оларды қояндардың Sylvilagus түрінен ерекшелендіріп отырады, олар Айдах қояндары тәрізді өздерінің індерін қазбайды. Олар өздерінің қозғалысын жеделдету үшін бұталар арасынан көпірлер(соқпақтар) соғады. Әдетте олардың белсенді қозғалысы түнгі уақыттарда байқалады. Бұл уақытта өздеріне азық іздегенде індеріннен 30 м артық жерге алшақтамайды.
Көбеюі Жүктілік кезеңі-4 апта. Ұрғашысы жылына үш рет 4-тен 8-ге дейін бала туады.
Дереккөздер
Санат:Қояндар Санат:Сүтқоректілер Санат:Солтүстік Америка сүтқоректілері