Октан саны – карбюраторлық іштен жану қозғалтқыштарында жанармайлардың детонацияға төзімділігін сипаттайтын шартты көрсеткіш.Қазақ энциклопедиясы 7- том Октан санын анықтау үшін тексерілетін жанармай оның эталонды үлгісімен салыстырылады. Эталон ретінде детонацияға төзімді изооктан (төзімділік шкаласы бойынша октан саны 100) мен детонацияға оңай ұшырайтын н-гептан (төзімділік шкаласы бойынша октан саны 0) пайдаланылады. Жанармайдың октан саны осы екеуінің қоспасындағы изооктанның %-дық мөлшеріне тең (мысалы, АИ-93-те 93% изооктан бар). Октан санын арттыру үшін бензинге антидетонаторлар қосады.

Ішкі сілтемелер Денотация Жанармай Октандар санынын түрлі жанармай мен көмірсутектерде кездесуі Қосылыс атыМотордағы октандар саныЗерттелген октандар саныМетан 110,0 107,5Пропан 100,0 105,7Бутан 91,0 93,6Изобутан 99,0 101,1Пентан 61,7 61,7Пентан(2-Метилбутан) 90,3 92,32,2,3-Триметилбутан 101,0 105,0н-Гептан 0 0Изооктан (2,2,4-триметилпентан) 100 1001-Пентен 77,1 90,92-Метил-1-бутен 81,9 101,32-Метил-2-бутен 84,7 97,3Метилциклопентан 80,0 91,3Циклогексан 77,2 83,0Бензол 111,6 113,0Толуол 102,1 115,7Бензин АИ-80 76 80Бензин АИ-92 83,5 92Полимербензин 85 100Алкилат 90 92Алкилбензол 100 107Этанол 100 105Метил-трет-бутил эфирі — 117

Дереккөздер

Санат:Химия