Әзімбек Ысмайылов (1910 -1987)Тараз Энциклопедисяы – қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері (1965). 1910 жылы Жамбыл ауданы, Бесжылдық ауылында туған.

Дулат тайпасының Жаныс руынан. Еңбек жолы мен жетістігі 1928 – 1933 жылдары - ФЗО-да оқыған, шаруашылық, кәсіподақ және Кеңес атқару комитетінің төрағасы, облыстық Кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1943 – 1971 жылдары - Красногор, Луговой (қазіргі Тұрар Рысқұлов), Меркі ауданы партия комитетінің 1-ші хатшысы. V-VІ шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болды. Қант қызылшасының өнімділігін арттыру, дайындау мен тапсыру көлемін ұлғайтудағы жетістіктері үшін 1965 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Наградалары Октябрь революциясы ордені Екінші дәрежелі Отан соғысы ордені 2 рет Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1965) Құрмет белгісі

Дереккөздер



Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:1910 жылы туғандар