Джасурбек Джумабой оглы Яхшибоев (/; 24 шілде 1997https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/493692, Шыназ, Ташкент облысы, Өзбекстан) — өзбек футболшысы, Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Ордабасы" клубының жартылай қорғаушысы.
Карьерасы
Клубтық Ташкент футболының түлегі, карьерасын 2016 жылы "Пахтакор" сапында бастады. 2019 жылы АТМК клубына жалға берілді. 2020 жылы клубқа қайта оралғанымен, әуелі Беларусьтің "Знергетик БМУ", сосын "Шахтер Солигорск" клубтарында арендада ойнады.
Ташкенттік клубтың негізгі құрамына тұрақтай алмаған соң, 2021 жылдың басында "Легияға" түпкілікті ауысты. Бірақ ол жақта да негізгі құрамға ілінген жоқ, 2021 жылы жазда "Шериф" клубына арендаға кетті.
12 қыркүйек күні "Петрокубқа" қарсы ойында Молдова чемпионатындағы тұңғыш ойыны өтті. 16 күннен соң Чемпиондар лигасындағы тұңғыш голын сырт алаңға "Реал" қақпасына соқты.
Ұлттық құрама Өзбекстан жастар құрамасы сапында 2018 жылы Азия чемпионы атанды.
2018 жылдан бері Ұлттық құрамада ойнайды.
Жетістіктері
Жастар арасындағы Азия чемпионы: 2018 Өзбекстан чемпионатында 3-орын: 2017 Беларусь чемпионы: 2020
Дереккөздер
Санат:Өзбекстан футболшылары Санат:Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Пахтакор ФК ойыншылары Санат:АТМК ФК ойыншылары Санат:Энергетик-БМУ ФК ойыншылары Санат:Шахтер Солигорск ФК ойыншылары Санат:Легия ФК ойыншылары Санат:Шериф ФК ойыншылары Санат:Навбахор ФК ойыншылары Санат:Ордабасы ФК ойыншылары