Санғасы – Сілеті жəне Өлеңті өзендері аралығындағы тұзды тұйық көл.
Географиялық орны Ақмола облысы Бестөбе кентінің оңтүстік-шығысында 39 км жерде орналасқан.
Гидрогафикасы Теңіз деңгейінен 196 м биіктікте жатыр. Аумағы 3,9 км2, ұзындығы 2,5 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 7,1 км. Жаз айларында аумағы кішірейеді. Жағалауы түйетайлы, сортаң, батпақты. Көктемгі еріген қар, жер асты суларымен толысады. Суы қараша айының соңында қатып, сəуірдің аяғында ериді. Алабы – жайылым.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы көлдері Санат:Сілеті су алабы