Қаратас – Нарын жотасының солтүстік-шығысындағы тау.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Белқарағай ауылының солтүстік-батысында 18 км жерде орналасқан. Бұқтырма өзенінің аңғарында.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1780 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 9 км-ге созылып жатыр, енді жері 7 км. Солтүстік беткейі тіктеу, оңтүстік бөлігіне қарай көлбеуленіп сай, өзен аңғарларымен тілімденген. Таудан Бұқтырма өзенінің сол саласы Коробиха, Нарын өзендірінің оң саласы Березовка, т.б. ірілі-ұсақты салалары бастау алады.

Өсімдігі Тау беткейінде далалық қоңыр топырағында шалғынды дала өсімдіктерімен бірге қарағай, самырсын, бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Катонқарағай ауданы таулары