Құлдық – Талас Алатауы жотасының оңтүстік-батысындағы тау.

Географиялық орны Түркістан облысы Қазығұрт және Төле би аудандарының аралығында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2626 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 22 км-ге созылған, енді жері 10 км шамасында. Таудан Бадам, Сайрамсу өзендерінің салалары бастау алады. Шығысында Өгем, оңтүстігінде Қаржантау жоталары бар.

Геологиялық құрылымы Тас көмір жүйесінің әктас, гранит жыныстарынан түзілген, сай-жыралармен тілімденген.

Өсімдігі Таудың шалғынды, қоңыр топырақ жамылғысында бидайық, жусан, т.б. өсімдіктер, арша шоғырлары, жабайы жеміс ағаштары өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қазығұрт ауданы таулары Санат:Төле би ауданы таулары