Сандықтас – Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау сілемі.

Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы Достық кентінің батысында 64 км жерде, Қытаймен шекарада орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 3752 м. Солтүстіктен оңтүстік-шығысқа қарай 25 км-ге созылған, енді жері 5 км шамасында. Таудың тар құлама беткейлері шатқалдармен тілімденген. Солтүстігінен Тастау, оңтүстік беткейінен Қаратұрық өзендерінің салалары қар-мұздықтардан бастау алады. Солтүстік беткейіндегі жартастардың биіктігі 21 м-ге дейін жетеді.

Өсімдігі Биік таулы белдеуінде Тянь-Шань шыршасы, қарағай, самырсын ағаштарынан тұратын орман қалыптасқан. Сондай-ақ альпілік, субальпілік, шалғынды-альпілік белдемдері дамыған. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Алакөл ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы