Елнұр Нұрғалиұлы Әбдірайымов (10 маусым 1994, Ғазалкент, Бостандық ауданы, Ташкент облысы, Өзбекстан) — Екінші жеңіл салмақта, жеңіл салмақта және бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақ текті өзбекстандық кәсіпқой боксшы. Бокстан Өзбекстан құрамасының сапында өнер көрсеткен, 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, әлем чемпионатының қола жүлдегері (2015), Азия чемпионы (2017), әуесқойлар арасындағы Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2015, 2021).
Өмірбаяны 1994 жылы 10 маусымда Өзбекстан, Ташкент облысы, Бостанлық ауданы, Ғазалкент қаласында дүниеге келген. Ұлы Жүздің Дулат руынан шыққан.
Әуесқойлық мансабы Бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы, бокстан әлем чемпионаты мен Азия чемпионатының бокстан ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегері. Сондай-ақ бокстан бірқатар республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері.
Әлем чемпионатындағы қола боксшыға Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатысу құқығын бердіЕлнұр Әбдірайымов 2016 жылы Риода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды . Бірақ Өзбекстаннан тағы бір боксшы — APB чемпионы Хуршид Тәжібаев жалғыз Олимпиада лицензиясын алды. Нәтижесінде Өзбекстан ҰОК Тәжібаевтың пайдасына шешім шығарды.
Қол жеткізген нәтижелері Жыл Жарыстың атауы Алған орны2009 VII халықаралық «Г. Әлиев кубогы-2009» турниры, Әзірбайжан 3-орын2010 ЗТРК М.Хайрутдиновты еске алуға арналған 9-халықаралық турниры, Қазақстан 1-орын2012 ХДСШ Николай Павлюковты еске алуға арналған 5-халықаралық турниры, Ресей 3-орын2012 Ағайынды Кличколардың «А» сыныбының жүлдесі үшін XIV халықаралық турниры, Украина 2-орын2015 Бокстан әлем чемпионаты, Доһа 3-орын
Сілтеме
Әбдірайымов Елнұр — Sportbox.ru сайтындағы бейіні
Дереккөздер
Санат:Өзбекстан боксшылары Санат:Екінші жартылай жеңіл салмақ боксшылары Санат:Жеңіл салмақ боксшылары Санат:Бірінші жартылай орта салмақ боксшылары Санат:2020 жылы өткен жазғы Олимпиада ойындары боксшылары Санат:Бокстан Азия чемпиондары