Абдолла Байтасов (1901 жыл, Ақмола губерниясы Петропавл уезі Ортақшылдар болысы, қазіргі Амангелді ауданы — өлген жылы белгісіз) — қоғам қайраткері.

1917 жылы Омбыдағы мұғалімдер семинариясын бітірген. Алаш қозғалысын қолдап, Қазақ комитеттерін құруға атсалысқан.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том; 1921—1923 жылдары Петропавл қаласында “Бостандық туы” газеті редакциясында 1923 жылы Ташкенттегі жұмысшы факультеті мен Қазақ халық ағарту институтында қызмет етті. 1924—1927 жылдары Орта Азия мемлекеттік университетінің шығыстану факультетінің студенті. 1928 жылы “Ақ жол” газеті редакциясының ғылым мен техника бөлімін басқарды. М. Жұмабаевпен бірге “Алқа” әдеби ұйымын құруға қатысты. 1929 жылы қуғын-сүргін кезінде тұтқындалып, 1930 жылы 4 сәуірде ОГПУ “үштігінің” ерекше қаулысымен Архангельскіге жер аударылды. Байтасов өз заманының білікті қаламгері болды. “Жас алаш”, “Жас қайрат”, “Еңбекші қазақ” газеттерінің белсенді авторы ретінде танылды.«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7

Дереккөздер

Санат:1901 жылы туғандар Санат:Амангелді ауданында туғандар Санат:Қайтыс болған жылы белгісіздер Санат:Алаш қозғалысы мүшелері Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:Қазақстан әдебиеттанушылары