Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі — үкімет құрамына енетін, Қазақстандағы мектепке дейінгі білім, қосымша білім беру және бала құқығын қорғау, орта білім, білім саласын цифрландыру, техникалық және кәсіптік білім үшін жауапты министрлік.

Тарихы Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы білім беру жүйесін басқаратын тұңғыш министрлік Қазақ КСР-нда тұңғыш құрылған Халыққа білім беру министрлігі еді. Оның 1987–1993 жылдары министрі — Шайсұлтан Шаяхметов. 1993 жылдан бастап ол Білім министрлігі деп атала бастады.

1997 жылы наурызда Білім министрлігі мен Мәдениет министрлiгi қосылып, Бiлiм және мәдениет министрлiгi құрылды. Сол жылы қазанда Денсаулық сақтау министрлiгi мен Бiлiм және мәдениет министрлiгi қосылып, Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi құрылды. 1999 жылы қаңтарда ол Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі болып өзгертілді.

1999 жылы қазанда Білім, денсаулық сақтау және спорт министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бірқатар өкілеттіктерін басқа орталық атқарушы органдарға бере отырып, Білім және ғылым министрлігіне бірікті.

Оқу-ағарту министрлігі 2022 жылдың 11 маусымында, президент Тоқаевтың жарлығымен, Білім және ғылым министрлігінен бөлініп құрылды. Оның тұңғыш министрі болып бұған дейін Білім және ғылым министрлігін басқарып жүрген Асхат Қанатұлы Аймағамбетов тағайындалды.

2022 жылдың 28 желтоқсанында Аймағамбетовтың лауазымнан босатылғаны және келесі жылдың 4 қаңтарында оның орнына Ғани Бейсембаев тағайындалуы белгілі болды.

Ғани Бейсембаев 2025 жылдың 29 қыркүйегіне дейін бұл лауазымда қызмет атқарды, ал одан кейін бұл лауазымға Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова тағайындалды.https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/juldyiz-suleymenova-naznachena-ministrom-prosvescheniya-581861/

Міндеттері Министрлікті 2022 жылы құрған Тоқаевтың жарлығында оның Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктерінің алғаны жазылған.

Құрылымы Министрліктің 3 комитеті бар. Олар: Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті; Балалардың құқықтарын қорғау комитеті; Орта білім беру комитеті.

Министрліктің оған қоса 11 департаменті бар: Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті; Мектепке дейінгі білім беру департаменті; Қаржы департаменті; Персоналды дамыту және басқару департаменті; Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті; Ішкі аудит департаменті; Бюджеттік жоспарлау департаменті; Заң департаменті; Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті; Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті; Техникалық және кәсіптік білім департаменті.

Қарамағындағы ұйымдар «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы» РМҚК «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ (50%) «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК «Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» РММ «Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана» РММ

Министрлер тізімі №СуретіАты-жөні Қызметі ПартиясыҮкімет басшысыХалыққа білім беру министрлігі (1991–1993)199pxШайсұлтан Шаяхметовмаусым198715 қазан1993ПартиясызТерещенкоБілім министрлігі (1993–1997)199pxЕрежеп Мәмбетқазиев15 қазан1993наурыз1995белгісізТерещенкоҚажыгелдин299pxМұрат Жұрыновнаурыз1995наурыз1997белгісізҚажыгелдинБiлiм және мәдениет министрлігі (1997)199pxИманғали Тасмағамбетовнаурыз1997қазан1997белгісізҚажыгелдинБалғымбаевБілім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі (1997–1999)199pxҚырымбек Көшербаевқазан1997қаңтар1999белгісізБалғымбаевДенсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі (1999)199pxҚырымбек Көшербаевқаңтар1999қазан1999белгісізБалғымбаевТоқаевБілім және ғылым министрлігі (1999–2022)199pxҚырымбек Көшербаевқазан199918 желтоқсан2000белгісізТоқаев299pxНұралы Бектұрғанов18 желтоқсан2000қаңтар2002белгісізТоқаев399pxШәмшә Беркімбаевақаңтар200214 маусым2003белгісізТасмағамбетов499pxЖақсыбек Құлекеев14 маусым200313 желтоқсан2004белгісізДаниал Ахметов599pxБірғаным Әйтімова13 желтоқсан200419 қаңтар2007белгісізДаниал АхметовМәсімов I699pxЖансейіт Түймебаев19 қаңтар200722 қыркүйек2010белгісізМәсімов I799pxБақытжан Жұмағұлов22 қыркүйек20102 қыркүйек2013белгісізМәсімов IСерік Ахметов899pxАслан Сәрінжіпов2 қыркүйек201310 ақпан2016белгісізСерік АхметовМәсімов II999pxЕрлан Сағадиев10 ақпан201625 ақпан2019белгісізМәсімов IIСағынтаевМамин I1099pxКүләш Шәмшидинова25 ақпан201913 маусым2019белгісізМамин I1199pxАсхат Аймағамбетов13 маусым201911 маусым2022белгісізМамин IМамин IIСмайылов IОқу-ағарту министрлігі (2022 бері)199pxАсхат Аймағамбетов11 маусым20224 қаңтар2023белгісізСмайылов I299pxҒани Бейсембаев4 қаңтар202329 қыркүйек2025белгісізСмайылов IСмайылов IIБектенов399pxЖұлдыз Сүлейменова29 қыркүйек2025–АманатБектенов

Қосымша ақпарат

Дереккөздер

О Санат:Білім министрліктері