Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі — үкімет құрамына енетін, Қазақстанның ішкі, биржалық және электрондық саудасы, шикізат емес тауарларының экспорты, тұтынушылар құқығы және басқа да салаларға жауапты министрлік.

Тарихы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы №17 Жарлығымен министрлік құрылғанда өзіне Ұлттық экономика министрлігінің ішкі және сыртқы сауда саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы; Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы; Сыртқы істер министрлігінің экспортты ілгерілету саласындағы қызметті үйлестіру саласындағы міндеттерін және функцияларын алды.

Үкіметтің 2019 жылғы 10 шілдедегі №497 қаулысымен: Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті үшке бөлініп, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Сауда және интеграция министрлігіне берілді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Сауда және интеграция министрлігіне берілді.

Үкіметтің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №914 қаулысымен Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті құрылды.

Міндеттері Министрліктің ресми сайтында оның міндеттері қатарында шикізаттық емес тауарлар мен қызметтер экспортын дамыту; ішкі сауданы дамыту және реттеу; сауда инфрақұрылымын жетілдіру; биржалық және электрондық сауданы дамыту; стратегиялық, бақылау, іске асыру және реттеу функцияларын қоса алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау; техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету көрсетілген.

Құрылымы Сауда және интеграция министрлігінің 3 қана комитеті бар: #АтауыМіндеті1Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіТұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тұтас және тиімді саясатты қалыптастыру. Комитеттің өңірлерде 20 аумақтық департаменттері бар, штат саны 50 бірлік2Сауда комитетіРеттеу және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ ішкі саудада Министрліктің стратегиялық функцияларын орындайды3Техникалық реттеу және метрология комитетіРеттеуіш, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ техникалық реттеу және метрология саласындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындайды

Оған қоса министрліктің 12 департаменті бар. Олар: Ақпаратты қорғау департаменті; Министрдің қызметін қамтамасыз ету департаменті; Электрондық коммерцияны дамыту және цифрландыру департаменті; Стратегия департаменті; Ішкі аудит департаменті; Қаржы және әкімшілік жұмыс департаменті; Кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті; Заң қызметі департаменті; Сауда-экономикалық даму департаменті; Экономикалық интеграция департаменті; Сыртқы сауда қызметі департаменті; Экспортты жылжыту департаменті.

Қарамағындағы мекемелер Облыстар мен Алматы, Астана, Шымкент қалалары бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ

Министрлер тізімі №СуретіАты-жөні Қызметі ПартиясыҮкімет басшысыСауда министрлігі (1994 жылға дейін)199pxОктябрь Желтиковмаусым1990маусым1994белгісізҚараманов IIТерещенкоӨнеркәсіп және сауда министрлігі (1994-1997)199pxВячеслав Костюченкомаусым1994қазан1994белгісізТерещенко299pxГарри Штойк19941996белгісізҚажыгелдин399pxХайролла Оспанов19961997белгісізҚажыгелдинЭкономика және сауда министрлігі (1997)199pxӨмірзақ Шөкеевнаурыз1997қазан1997Нұр ОтанҚажыгелдинЭнергетика, индустрия және сауда министрлігі (1997-2000)199pxАсығат Жабағин19981998белгісізБалғымбаев299pxМұхтар Әблязов21 сәуір1998қазан1999белгісізБалғымбаев399pxВладимир Школьникқазан199913 желтоқсан2000белгісізТоқаевЭкономика және сауда министрлігі (2000-2002)1 99pxЖақсыбек Құлекеевжелтоқсан2000қаңтар2002белгісізТоқаев299pxМәжит Есенбаевқаңтар2002тамыз2002Нұр ОтанТасмағамбетовИндустрия және сауда министрлігі (2002–2010)199pxМәжит Есенбаевтамыз20022003Нұр ОтанТасмағамбетов299pxӘділбек Жақсыбековмаусым2003желтоқсан2004ПартиясызДаниал Ахметов399pxСауат Мыңбаевжелтоқсан2004қаңтар2006белгісізДаниал Ахметов499pxВладимир Школьник19 қаңтар200612 қаңтар2007Нұр ОтанДаниал Ахметов599pxҒалым Оразбақовқаңтар2007ақпан2008Нұр ОтанДаниал АхметовМәсімов I699pxВладимир Школьникақпан200821 мамыр2009Нұр ОтанМәсімов I799pxӘсет Исекешев21 мамыр200912 наурыз2010белгісізМәсімов IЭкономикалық даму және сауда министрлігі (2010–2013)199pxЖанар Айтжанова12 наурыз20108 сәуір2011белгісізМәсімов I299pxҚайрат Келімбетов11 сәуір201120 қаңтар2012Нұр ОтанМәсімов I399pxБақытжан Сағынтаев20 қаңтар201224 қыркүйек2012Нұр ОтанМәсімов I499pxЕрболат Досаев25 қыркүйек201216 қаңтар2013белгісізСерік АхметовСауда және интеграция министрлігі (2019–)199pxБақыт Сұлтанов17 маусым201915 тамыз2022АманатМамин IМамин IIСмайылов I299pxСерік Жұманғарин15 тамыз20222 қыркүйек2023Аманат?Смайылов IСмайылов II399pxАрман Шаққалиев4 қыркүйек2023—АманатСмайылов IIБектенов

Дереккөздер

С Санат:Сауда министрліктері