нобай|1150 кВ-тық желіде қолданылатын PSK-300A және PS-400A (U400A) оқшаулағыштары кең таралған U70BL оқшаулағышымен салыстырғанда Екібастұз — Көкшетау әуе электр желісі — Қазақстанда орналасқан, Екібастұздан Көкшетауға дейін әлемдегі ең жоғары кернеуі бар айнымалы токтың әуе электр желісі. Ол "Итат — Барнауыл — Екібастұз — Көкшетау — Қостанай — Челябі" (Сібір — Қазақстан — Орал) әуе электр желісінің бір бөлігі. Жобаланған кернеуі 1150 кВ. Ұзындығы 432 километр, тіректерінің орташа биіктігі 45 метр. Фазалардың тарамдалуы қолданылады: бір фаза 8 бөлек сымнан тұрады, аралықтардың арасында орналасқан өткізгіштің салмағы 50 тоннаны құрайды. Сібір — Қазақстан — Орал желісінің ұзындығы 2344 километр болса, оның 1421 километрі Қазақстанда орналасқан.
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Екібастұз — Көкшетау (әуе электр желісі) · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.