Терренс Малик (; 30 қараша, 1943, Оттава, Иллинойс, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер. Малик өз шығармашылық жолын «Жаңа Голливуд» толқынының өкілі ретінде бастады. Ол көптеген беделді марапаттардың, соның ішінде «Алтын пальма бұтағы» мен «Алтын аю» сыйлықтарының иегері. Сондай-ақ оның қоржынында «Оскар» сыйлығының үш номинациясы, «Алтын глобус», Америка режиссерлер (DGA) және сценарийшілер (WGA) гильдияларының номинациялары бар.

Малик фильмдерінде трансценденттілік, ақыл мен инстинкт арасындағы қайшылық, сондай-ақ табиғат пен тәрбиенің текетіресі сияқты тақырыптарды зерттейді. Оның туындыларына ауқымды философиялық және рухани астар, сонымен қатар кейіпкерлердің кадр сыртындағы медитативті дауыстары тән. Маликтің өзіндік стилі ғалымдар мен көрермендер арасында екіұдай пікір тудырды: көбі оның фильмдерін асқан шеберлікпен түсірілген операторлық жұмысы мен эстетикасы үшін жоғары бағаласа, басқалары оларды сюжет пен кейіпкерлердің дамуының жоқтығы үшін сынайды. Соған қарамастан, оның еңбектері онжылдықтар мен барлық заманның үздік фильмдеріне арналған ретроспективті сауалнамаларда үнемі жоғары орындарға ие болып келеді.

Фильмография Жыл Қазақша атауы Түпнұсқа атауы Режиссёр Сценарийші Продюсер 1973 Жапан түздегілер Badlands 1978 Жұмақ күндері Days of Heaven 1998 Жіңішке қызыл сызық The Thin Red Line 2004Көркем ел The Beautiful Country Су асты ағысы Undertow 2005 Жаңа дүние The New World 2011 Өмір ағашы The Tree of Life 2012 Ғажайыпқа To the Wonder 2015 Кубоктар серісі Knight of Cups 2017 Әннен әнге Song to Song 2019 Жасырын өмір A Hidden Life Жел жолы The Way of the Wind

Дереккөздер

Санат:Алтын пальма бұтағы сыйлығының иегерлері (режиссёрлер) Санат:Давид ди Донателло сыйлығының иегерлері Санат:Спутник сыйлығының иегерлері