Өткен өмірлер () — 2023 жылы шыққан режиссер Селин Сонның американдық романтикалық драмалық фильм. «Өткен өмірлер» фильмінің тұсаукесері 2023 жылы 21 қаңтарда Сандэнс кинофестивалінде өтті және 2023 жылдың 2 маусымында Америка Құрама Штаттарында кинотеатрда көрсетілді. Фильм сыншылардың жоғары бағасына ие болды және Ұлттық шолу кеңесі мен американдық кинематография институтының 2023 жылғы ең үздік он фильмінің бірі атанып, әртүрлі марапаттарға ие болды. Соның ішінде 81-ші «Алтын глобус» жүлдесінің «Үздік фильм – драма» номинациясы (барлығы бес номинация), 96-шы «Оскар» жүлдесінің «Үздік түпнұсқалық» және «Үздік фильм» номинациялары.

Сюжеті Нора өзінің ең жақын досына бала кезінен ғашық болған. Бірақ олардың арасындағы байланыс Нора туған қаласынан кеткенде үзілген. Ол тұрмысқа шығып, жазушы болды және қазір Нью-Йоркте тұрады. Бір күні Нораның тыныштығын әлеуметтік желідегі хабарлама бұзады - алғашқы махаббаты 12 жылдан кейін оның өмірінде қайта пайда болады. Енді олар бір апта бірге болып, бір-біріне кім екенін шешуі керек.

Рөлдерде Грета Ли — Нора Мун Джон Магаро — Артур Тэо Ю — Хэ Сон

Дереккөздер

Санат:Селин Сон фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:Корей тіліндегі фильмдер Санат:2023 жылғы АҚШ фильмдері Санат:АҚШ драма-фильмдері Санат:A24 фильмдері