Бірсуат – Тобыл алабындағы өзен.

Географиялық орны Қостанай облысы Жітіқара ауданы жерімен ағады. Біраз бөлігі Ресей жерінде. Ұзындығы 100 км, су жиналатын алабы 2210 км².

Бастауы Өзен Қазірет ауылының батысындағы аласа қыраттан басталып, Мариинское ауылы тұсында Сынтасты өзеніне құяды.

Гидрологиясы Жер асты суымен толығады. Бірсуатқа әрқайсысының ұзындығы 10 км-ден аспайтын 36 сала құяды. Қараша айының басында суы қатып, сәуірдің аяғында ериді. Жайылмасы – шабындық.

Су реестрінің мәліметтері Ресей мемлекеттік су тізілімінің мәліметі бойынша Ертіс су алабы өңіріне жатады, өзеннің сушаруашылық бөлігі — обыл өзені бастауынан Увельк өзенін қоспағанда, Үй өзенінің құйылысына дейін. Өзен саласы — Тобыл, өзен алабы — Ертіс.

Ресей су ресурстары федералды агенттігі дайындаған РФ территориясын сушаруашылығы бойынша аудандастыру жөніндегі геоақпараттық жүйе мәліметтері бойынша: Мемлекеттік су реестріндегі су объектісінің коды — 14010500212111200000256 Гидрологиялық тұрғыдан зерттелу (ГЗ) коды — 111200025 Су алабының коды — 14.01.05.002 ГЗ томының нөмірі — 11 ГЗ бойынша шығарылуы — 2

Сыртқы сілтемелер Ресей Федерациясы Табиғи ресурстар және экология министрлігі

Дереккөздер

Санат:Жітіқара ауданы өзендері Санат:Ресей өзендері Санат:Тобыл су алабы