Зеренді ауданындағы орталық аурухана – мемлекеттік кәсіпорын. 1935 жылы 10 төсек-орынға есеп-теліп салынған. 1950 жылы 25 орынға есептелген жаңа ғимарат салынды. 1975 жылы халыққа медициналық жәрдем (терапевтік, педиатрлық, акушер-гинеколог, т.б. салада) беруде жаңа типтегі 100 орынға есептеліп салынған аурухана мен ауысымына 300 адамды қабылдайтын емхана іске қосылды. 2005 – 07 жылы ауруханаға жаңа диагностик. құрылғылымиар: телемедициналық интеграл, 3 жұмыс орнына есептелген рентгенологиялық кешен, УЗИ – сандық флюрографиялық аппараты орнатылды. 2007 жылы Зеренді ауыл орталық аурухана Жапония мемлекетінің грантын («Корни трав» бағдарламасы бойынша) жеңіп алған. Бұған перзентханаға құрал жабдықтар, қарқынды терапия палатасы сатып алынды. 2007 жылы ҚР-ның бағдарламасына байланысты Зеренді ауыл орталық ауруханасы құрамынан ауданы емхана бөлініп шықты. Қазақ Энциклопедиясы

Пайдаланылған cілтемелер

Санат:Тұлғалар