«Бостон Брюинз» () — АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Бостон қаласында орналасқан кәсіпқой хоккей командасы. «Бостон Брюинз» Шығыс конференциясының Атланттық дивизионында Ұлттық Хоккей Лигасы (ҰХЛ) аясында өнер көрсетеді. Клуб 1924 жылы құрылды, бұл оларды ҰХЛ-дағы ең ескі әлі ойнап жатқан үш команданың бірі және АҚШ-тағы ең көне команда етеді. Клуб үй ойындарын ТД-гарден кешенінде өткізеді.

Бостон Брюинз ҰХЛ-дың Алғашқы Алтылық командаларының бірі болып табылады. Өз тарихында Бостон Брюинз алты Стэнли кубогын жеңіп алды. Брюинз сонымен қатар Президенттер кубогын төрт рет жеңіп алды.

Бостон Брюинз ойнаған алғашқы арена Бостон Арена (қазіргі атауы Мэтьюз Арена) болды. Бұл арена 1909–10 жылдары салынған және қазіргі кезге дейін кез келген деңгейдегі жарыстар үшін пайдаланылатын әлемдегі ең көне жабық хоккей аренасы болып табылады. Бостон Аренадан көшкеннен кейін, команда өз үй ойындарын 1928 жылдан 1995 жылға дейін 67 маусым бойы Бостон Гарденде өткізді. 1995 жылдан бастап команда ТД-гарденге көшті.

Тарихы Алғашқы жылдар (1924–1942) 1924 жылы ҰХЛ Америка Құрама Штаттарына кеңею туралы шешім қабылдады. Одан бір жыл бұрын, 1923 жылы, спорттық ұйымдастырушы Томас Дугган Америка үшін үш ҰХЛ франшизасына құқықтар алды және олардың бірін Бостонның азық-түлік магнаты Чарльз Адамсқа сатты. Бостон Брюинз АҚШ-та орналасқан алғашқы ҰХЛ командасы. Адамс иелікке кіріскеннен кейін алғашқы ісі бұрынғы жұлдызды ойыншы Арт Россты бас менеджер ретінде жалдау болды.

Росс командаға атау ретінде "Брюинз" атауын ұсынды. Бұл халық ертегілерінде қолданылатын қоңыр аюлардың атауы. Команданың бұл лақап аты сонымен қатар Адамстың First National Stores азық-түлік желісінен алынған қоңыр және сары түсті бастапқы формасына сәйкес келді.

thumb|left|upright|Эдди Шор Бостон Брюинз командасының ойыншысы. 1924 жылы 1 желтоқсанда Бостон Брюинз АҚШ-та өткен алғашқы ҰХЛ ойынында Монреаль Марунз командасын Бостон Аренада қабылдап, Смоки Харрис Бостон Брюинз тарихындағы алғашқы голды соқты. Бұл ойын Бостон Брюинз командасына 2:1 есебімен жеңіс әкелді. Бостон Брюинз келесі 11 ойында жеңіліп, 6–24–0 көрсеткішін ғана көрсетіп, өздерінің алғашқы маусымын соңғы орында аяқтады. Бостон Брюинз тағы үш маусымды Бостон Аренада өткізіп, содан кейін Бостон Гарденнің негізгі аренасына көшті .

Екінші маусымында Бостон Брюинз өз нәтижесін жақсартты. Дегенмен, олар плей-оффқа шыға алмадыStandings: .

Үшінші маусымда Бостон Брюинз бірнеше жұлдызды ойыншыны сатып алды. Олардың ішінде команда тарихындағы алғашқы ұлы жұлдыз – қорғаушы Эдди Шор да болды. Бостон Брюинз қатарында Эдди Шор ҰХЛ тарихындағы ең ұлы ойыншылардың біріне айналды. Бостон плей-оффқа үлкен басымдықпен өтті. Өздерінің алғашқы плей-оффтық кезеңінде Эдди Шор Стэнли кубогының финалына шықты, бірақ Оттава Сенаторз командасына жеңілді.

thumb|upright|Тайни Томпсон 1928 жылдан 1938 жылға дейін Бостон Брюинз қақпашысы болып ойнады. 1928–29 маусымы Бостон Гарден аренасында өткен алғашқы маусым болды. 1929 жылы Бостон Брюинз Нью-Йорк Рейнджерс командасын жеңіп, екі ойында өздерінің алғашқы Стэнли кубогын жеңіп алды. Сол чемпиондық команданың үздік ойыншыларының қатарында Эдди Шор, Гарри Оливер, Дит Клаппер, Датч Гейнор және қақпашы Тайни Томпсон болды.

Келесі маусымда, 1929–30 жылдары, Бостон Брюинз ҰХЛ тарихындағы ең жақсы тұрақты маусымдық жеңіс пайызының рекордын (0.875) орнатты, бұл рекорд әлі күнге дейін сақталып келеді. Команда көптеген гол соғу рекордтарын жаңартты, бірақ Стэнли кубогының финалында Монреаль Канадиенс командасына жеңілді.

1930 жылдардағы Бостон Брюинз командасында Шор, Томпсон, Клаппер, Бэйб Зиберт және Куни Уэйланд сияқты ойыншылар болды. Команда онжылдық ішінде бес рет лиганың көшбасшысы болды. 1939 жылы команда екінші Стэнли кубогын жеңіп алды. Сол жылы Томпсон жаңа қақпашы Фрэнк Бримсекке ауыстырылды. Бримсек Везина және Колдер трофейлерін жеңіп алып, ҰХЛ-дың бірінші жұлдыздар командасына қосылған алғашқы жаңа ойыншы болды және "Мистер Нөл" лақап атын алды. Бримсекпен бірге ойнаған команда құрамында Билл Коули, Шор, Клаппер және Мел Хилл болды. Сондай-ақ орталық ойыншы Мильт Шмидт, оң жақ шабуылшы Бобби Бауэр және сол жақ шабуылшы Вуди Думарт бар еді.

1939–40 маусымында Шор Нью-Йорк Американс командасына ауыстырылды. 1941 жылы Бостон Брюинз тек сегіз ойында жеңіліп, тұрақты маусымда бірінші орын алып, үшінші Стэнли кубогын жеңіп алды.

Екінші дүниежүзілік соғыс Бостон Брюинз командасына басқа командаларға қарағанда көбірек әсер етті; Бримсек, Бобби Бауэр және Вуди Думарт 1941 жылғы Кубок жеңісінен кейін Канаданың Әскери-әуе күштеріне қызмет етуге шақырылды. Команданың қалған жұлдызды ойыншылары Коули, ардагер ойыншы Клаппер және Бушер Джексон болды.

Алғашқы Алтылық дәуірі (1942–1967) 1942 жылға қарай ҰХЛ "Алғашқы Алтылық" деп аталатын алты командаға дейін қысқарды.

1944 жылы Бостон Брюинз ойыншысы Херб Кейн бір маусымда 82 ұпай жинап, сол кездегі ҰХЛ рекордын жаңартты. Дегенмен, сол маусымда Бостон Брюинз плей-оффқа өте алмады.

1945–46 маусымында жұлдызды ойыншылар Екінші дүниежүзілік соғыстан оралды, ал Клаппер ойыншы-бапкер ретінде команданы Стэнли кубогының финалына қайта жетеледі. Ол келесі маусымнан кейін ойыншы ретінде мансабын аяқтап, жиырма маусым бойы ҰХЛ-да ойнаған алғашқы ойыншы атанды. Бримсек соғыстан кейін бұрынғы деңгейін көрсете алмады. 1946 жылдан кейін Бостон Брюинз үш жыл қатарынан плей-оффтың бірінші кезеңінде жеңілді. Бримсек Чикаго Блэкхокс командасына ауысқаннан кейін, командада қалған жалғыз сапалы жас ойыншы шабуылшы Джонни Пирсон болды.

thumb|upright|left|Уолтер Огастин Браун 1951 жылы Бостон Брюинз командасын Уэстон Адамстан сатып алды. 1950 жылдар Чарльз Адамстың ұлы Уэстонның қаржылық қиындықтарға тап болуымен басталды. Сондықтан ол 1951 жылы Бостон Селтикс иесі Уолтер Огастин Браунның сатып алу ұсынысын қабылдауға мәжбүр болды. Кейбір жетістіктерге қарамастан (мысалы, 1953, 1957 және 1958 жылдары Стэнли кубогы финалына жету), Бостон Брюинз 1947 жылдан 1967 жылға дейін тек төрт жеңісті маусымға қол жеткізді. Олар 1960 жылдан 1967 жылға дейін қатарынан сегіз жыл плей-оффқа шыға алмады.

1958 жылы 18 қаңтарда Бостон Брюинз құрамасында алғашқы қара нәсілді ҰХЛ ойыншысы Вилли О’Ри мұз айдынына шықты. Ол 1957–58 және 1960–61 маусымдарында Бостон Брюинз қатарында 45 матчта ойнады.

Кеңею дәуірі (1967–1979) Уэстон Адамс 1964 жылы Браун қайтыс болғаннан кейін Брюинзді қайта сатып алды. Адамс болашақ супер жұлдыз қорғаушы Бобби Оррмен келісімшартқа қол қойды. Орр сол маусымда Жылдың жаңа ойыншысы атағы үшін берілетін Кальдер мемориалдық трофейін жеңіп алып, ҰХЛ-дың екінші жұлдызды командасына кірді. Оррдың керемет дебют маусымына қарамастан, Бостон Брюинз плей-оффқа шыға алмады.

Келесі маусымда Бостон Брюинз Чикагодан Фил Эспозито, Кен Ходж және Фред Стэнфилдті алды. Бұл келісім хоккей тарихындағы ең бір жақты келісімдердің бірі ретінде атап өтілді. Ходж бен Стэнфилд Брюинздің табысының негізгі элементтеріне айналды, ал Эспозито лиганың үздік шабуылшысына айналды және ҰХЛ тарихында алғаш рет 100 ұпайлық межеден асты, көптеген гол және ұпай жинау рекордын орнатты. Басқа жұлдызды ойыншылардың қатарында шабуылшылар Джонни Бучик, Джон Маккензи, Дерек Сандерсон және Ходж, сондай-ақ қорғаушы Даллас Смит пен қақпашы Джерри Чиверс болды. Бостон Брюинз 1960-жылдардың соңынан 1980-жылдарға дейін лиганың ең үздік командаларының біріне айналды.

1970 жылы 29 жылдық Кубокқа қол жеткізе алмау кезеңі аяқталды. Бостон Брюинз 1970 жылғы Стэнли кубогының финалында Сент-Луис Блюз командасын төрт ойында жеңді. Орр овертаймда жеңіс голын соғып, Бостон Брюинз Стэнли кубогын жеңіп алды. Сол маусым Оррдың ең марапатты маусымы болды: ол ҰХЛ-дың үздік қорғаушысына берілетін Джеймс Норрис мемориалдық трофейін қатарынан сегіз жыл жеңіп алды, сондай-ақ Арт Росс трофейі, Конн Смайт трофейі және Харт мемориалдық трофейін жеңіп алған жалғыз ойыншы болды.

1970–71 маусымында Бостон Брюинз кубок иегері атағын қорғауға басты үміткер болғанымен, Монреаль Канадиенс командасына жеті ойыннан кейін жеңіліп қалды.

Келесі маусымда Бостон Брюинз бұрынғыдай үстемдік ете алмаса да, Эспозито мен Орр тағы да ұпай жинау рейтингінде бірінші және екінші орындарды иеленді. Бостон 1972 жылғы Стэнли кубогының финалында Нью-Йорк Рейнджерс командасын алты ойында жеңіп, Стэнли кубогын иеленді.

1972–73 маусымы Бостон Брюинз үшін үлкен өзгерістер әкелді. Бұрынғы бас жаттықтырушы Синден бас менеджер болып тағайындалды. Бостон Брюинз ойыншылары Джерри Чиверс, Дерек Сандерсон, Джонни Маккензи және Тед Грин Әлемдік хоккей ассоциациясына (WHA) ауысты. Бас бапкер Том Джонсон маусымның 52-ші ойынында қызметінен босатылып, оның орнына Беп Гвидолин келді. 1920-жылдары команда құрылған кезден бері оны иеленген Адамс отбасы Бостон Брюинзді Storer Broadcasting компаниясына сатты. 1973 жылғы плей-оффта Бостон Брюинз Нью-Йорк Рейнджерс командасына алғашқы раундта жеңіліп, күтпеген жерде маусымды ерте аяқталды.

1974 жылы Бостон Брюинз тұрақты маусымда бірінші орнын қайтарып алды, ал командада үш ойыншы (Эспозито, Орр және Ходж) 100 ұпай жинады. Алайда, олар 1974 жылғы Стэнли кубогының финалында күтпеген жерден Филадельфия Флайерз командасына жеңіліп қалды.

upright|thumb|left|Терри О'Райли 1971 жылғы драфтта Бостон Брюинз командасы тарапынан таңдалды. Ол өзінің бүкіл мансабын 1971 жылдан 1985 жылға дейін Бостон Брюинз құрамында өткізді. Дон Черри 1974–75 маусымында Бостон Брюинз командасының жаңа бас бапкері болды. Черридің басшылығымен Бостон Брюинз бәсекеге қабілеттілігін сақтап қалды. Ойыншылардың қатарында Грегг Шеппард, Терри О'Райли, Стэн Джонатан және Питер Макнаб болды. Тізе жарақаттары күшейіп кетуіне байлансыты бұл маусым Оррдың лигадағы соңғы толық маусымы болды. Бостон Брюинз Адамс дивизионында екінші орынға шығып, 1975 жылғы плей-оффтың бірінші кезеңінде Чикаго Блэкхокс командасына үш ойынның екеуінде ұтылып, маусымды аяқтады.

Келесі маусымда Бостон Брюинз қайтадан жартылай финалға жетіп, Филадельфия Флайерз командасынан ұтылды, ал маусым аралығында Орр еркін агент ретінде Чикаго Блэкхокс командасына ауысты.

1977 жылы Чиверс командаға оралды, және Бостон Брюинз жартылай финалда Флайерсті жеңгенімен, Стэнли кубогының финалында Монреаль Канадиенс командасынан жеңіліп қалды. Бұл жағдай 1978 жылы қайталанды — команда тағы да кубок финалында Монреальдан алты ойында жеңілді.

1979 жылғы Монреаль Канадиенс командасына қарсы жартылай финал сериясы Черридің карьерасын аяқтады. Шешуші жетінші ойында, үшінші кезеңнің соңында «Брюинз» бір гол айырмашылығымен алда келе жатып, алаңда тым көп ойыншы болғаны үшін айыпталды. Монреаль Канадиенс сол сәтте сан басымдығын пайдаланып, есепті теңестіріп, овертаймда жеңіске жетті. Осы оқиғадан кейін Черри бас бапкер лауазымынан босатылды.

Рэй Бурк дәуірі (1979–2000) 1979–80 маусымында Бостон Брюинз командасы жаңа бас бапкер Фред Крейтонды тағайындады, сондай-ақ қақпашы Рон Грэмді Лос-Анджелес Кингз командасына айырбастау арқылы бірінші раундтық таңдау құқығын алды. Бұл таңдау арқылы команда тарихтағы ең үздік қорғаушылардың бірі және Бостон Брюинз командасының символына айналған Рэй Буркты таңдады.

1980-жылдар бойы Бостон Брюинз Парктың, Бурктың және Рик Миддлтонның жетекшілігімен әр маусымда плей-оффқа шықты. 1982–83 маусымында бұрынғы Филадельфия Флайерз қақпашысы Пит Питерстің Везина Трофейін жеңіп алған тамаша ойынымен 110 ұпай жинап, лигадағы ең жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Алайда, Бостон Брюинз Стэнли кубогының финалына шыға алмады.

thumb|left|Бостон Брюинз командасының символына айналған Рэй Бурк. Рэй Бурк, Кам Нили және Кит Краудер 1988 жылы Бостон Брюинзды Эдмонтон Ойлерз командасына қарсы Стэнли кубогының финалына алып шықты. Алайда Бостон Брюинз төрт ойында жеңіліс тапты. 1990 жылы Бостон Брюинз Стэнли кубогының финалына қайта оралды, бірақ тағы да Эдмонтон Ойлерз командасынан бұл жолы бес ойында жеңілді.

1991 және 1992 жылдары Бостон Брюинз екі жыл қатарынан конференция финалында болашақ чемпион Питтсбург Пингвинз командасынан жеңіліс тапты.