нобай|оңға|Бюллетеньдегі референдум нәтижелері нобай|оңға|Референдум сұрағы бар бюллетень

Украинаның Тәуелсіздік жайлы Декларациясы туралы референдум 1991 жылғы 1 желтоқсанда өтті. Сайлаушылардың үлкен көпшілігі, 92%, сол жылғы 24 тамызда Верховна рада бекіткен тәуелсіздік декларациясын қолдады.

Сайлаушыларға «Сіз Украина тәуелсіздігін жариялау актісін қолдайсыз ба?» сұрағы қойылды.Nohlen & Stöver, p1985 Декларация мәтіні, оған қоса, бюллетеньнің өзінде де жазылған еді. Декларацияны Украина парламенті 1991 жылғы 24 тамызда қабылдаған болатын. Референдумға 31 891 742 тіркелген сайлаушы (электораттың 84.18%) қатысты, олардың 28 804 071 (92.3%) «Иә» деді.

Дәл сол күні елдің президенті де сайланды. Президенттікке барған үміткердің алтауы да КСРО-дан тәуелсіздікті, сол жылғы референдумдағы «Иә» жауабын қолдаған. Ақыр аяғында елдің тұңғыш президенті болып Верховна рада төрағасы және де-факто мемлекет басшысы Леонид Кравчук сайланды.

1991 жылғы 2 желтоқсаннан бастап Украинаны халықаралық қауымдастық тәуелсіз мемлекет ретінде танитын болды. 2 желтоқсанда, оған қоса, Украинаның тәуелсіздігін РКФСР президенті Борис Ельцин мойындады.

Нәтижесі Тәуелсіздікті Украина орыстарының 55% қолдаған болатын.

ЖауабыДауыс саны%Иә28 804 07192,26Жоқ2 417 5547,74Жалпы31 221 625100,00Жарамды даусы31 221 62597,90Жарамсыз/бос даусы670 1172,10Жалпы дауыс31 891 742100,00Тіркелген сайлаушы37 885 55584,18Дереккөзі: Nohlen & Stöver

Облыстары бойынша АймақТәуелсіздікті қолдағандар пайызыДауыстардан ЭлектораттанҚырым АКСР 54.19 37 Черкассы облысы 96.03 87Чернигов облысы 93.74 85Черновцы облысы 92.78 81Днепропетровск облысы 90.36 74Донецк облысы 83.90 64Ивано-Франковск облысы 98.42 94Харьков облысы 86.33 65Херсон облысы 90.13 75Хмельницкий облысы 96.30 90Киев облысы 95.52 84Кировоград облысы 93.88 83Луганск облысы 83.86 68Львов облысы 97.46 93Николаев облысы 89.45 75Одесса облысы 85.38 64Полтава облысы 94.93 87Ровно облысы 95.96 89Сумы облысы 92.61 82Тернополь облысы 98.67 96Винница облысы 95.43 87Волынь облысы 96.32 90Закарпатье облысы 92.59 77Запорожье облысы 90.66 73Житомир облысы 95.06 86Киев қаласы 92.87 75Севастополь қаласы 57.07 36Жалпы 90.32 76

Дереккөздер

Санат:Украинадағы референдумдар Санат:КСРО республикаларының тәуелсіздігі туралы референдумдар Санат:1991 жылдағы Украина Санат:1991 жылдағы референдумдар Санат:1 желтоқсан оқиғалары