Кентарал қалашығы (VII-XII ғғ.) – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері Сарысу ауданы, Шығанақ ауылынан солтүстікке қарай 7 км жерде орналасқан.

Сипаты Қалашықты 1980 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Байбосынов) ашып, зерттеді. Жобасында дұрыс емес төбе түрінде болып келген екі бөлікті қалашықтың өлшемдері 110х50 м. Қалашықтың ортасында өлшемдері 25х25 м, биіктігі 6 м ішкі қамал бар. Ішкі қамал 4 бекініс мұнарасының іздері бар үйінді бекініс жалмен қоршалған. Қалашық территориясында топырақ төбешіктер, жеке құрылыстардың қалдықтары бар. Қалашық үстінен сырланбаған қыш ыдыстардың сынықтары көптеп кездеседі.С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7

Дереккөздер

Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері Санат:Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан көне қалалары