(1125) Чайна — Негізгі белдеуге жатқызылатын астероид.
Оны 1957 жылы 30 қазанда Цзыцзиньшань обсерваториясынан ашқан болатын.
thumb|center|400px|Күн жүйесіндегі орны
Ашылу тарихы Бастапқыда Америкада оқыған қытай астрономы Чжан Юйчжэ Йеркс обсерваториясында істегенде, 1928 жылы жаңа астероид ашады. Бірақ жуық арада ол жоғалған нысан болып қалады. 1957 жылы аталмыш астроном Цзыцзиньшань обсерваторияның директоры болады. Сол жылы ашылған астероидқа қытайлықтар жоғалып кеткен нысанның нөмірін және атын береді: Чайна — бұл Қытайдың ағылшынша атауы.
Ал 1986 жылы астрономдар жоғалып кеткен болып саналған астероидты қайта ашады. Оған кейін (3789) Чжунго деген атау беріледі: Чжунго — бұл Қытайдың қытай тіліндегі аталуы.
Дереккөздер
Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (1101—1200) Санат:Астероидтар